Хачапури дайындап үйренейік

Хачапури дайындап үйренейік
Фото: vk.com

Ингредиенттер:

- 200 грамм үккіштен өткізілген қатты ірімшік;

- 100 грамм ораздық;

- 2 түйір тауық жұмыртқасы;

- 200 грамм қаймақ;

- 2 ас қасық бидай ұны;

- 2 ас қасық өсімдік майы. 

Дайындау жолы:

Жоғарыда айтылған ингредиенттің бәрін бір ыдысқа салып, жақсылап араластырамыз. Ораздықты уақтап турағанымыз жөн. Басқа артық ештененің қажеті жоқ. Содан соң өсімдік майын табаға құйып, оның үстіне жаңағы ірімшік қоспасын саламыз. Баяу жанып тұрған отқа қойып, екі жағын да алтын түстес күйге жеткенше қуырамыз. Бұл біздің 12 минутымызды алады. Сосын тәрелкеге салып жей беруімізге болады. Ас болсын!

Ж. Исакаев