- Негізгі бет
- Аспаздық
- Мәзір: "Пеште піскен...
Мәзір: "Пеште піскен ет"
Кей аспаз әйел немесе бойжеткен күнделікті кешкі асқа не әзірлейтінін білмей, көп ойланады. Мұнымен қатар, олар әзірлейтін тағам отбасының барлық мүшесінің көңілінен шығуы тиіс. Осыған орай, кез келген үйден табылатын азық-түліктерді пайдалануға болатын тағам әзірлеуді жөн көрдік. Төмендегі азық-түліктерді қолда барымен алмастыруыңызға болады.
Қажет азық-түліктер тізімі:
- кілегей маргарині;
- 700 г картоп;
- 7-8 қабырға;
- 2 көк болгар бұрышы;
- 2 қызыл болгар бұрышы;
- қара бұрыш;
- дәмдеуіштер;
- тұз;
- 5 чили бұрышы.
1. Кілегей маргаринін бөлме температурасында ерітеміз.
2. Артынша қызып тұрған табаға салып ерітеміз.
3. Еріген майды табаққа құямыз.
4. Үстіне қара бұрыш себеміз.
5. Дәмдеуіштер себеміз.
6. Чили бұрышын майдалап турап қосамыз. Бетіне тұз себуді ұмытпаймыз.
7. Қабырғаларды бірнеше бөлікке бөліп, жақсылап жуамыз.
8. Жоғарыдағы бұрыш пен дәмдеуіш қосылған маргаринге саламыз.
9. Жақсылап араластырамыз.
10. Пеш ыдысының жартысына саламыз.
11. Көкөністерді аршып, жақсылап жуамыз.
12. Картопты тураймыз.
13. Оны да жоғарыдағы маргаринге саламыз.
14. Болгар бұрышын тураймыз.
15. Қызыл бұрышты тураймыз.
16. Бұрыштарды картоптың үстіне салып, бірге араластырамыз.
17. Жақсылап араластырған соң, пеш ыдысының екінші бөлігіне саламыз.
18. Бетін жұқалтыр қағазбен жабамыз.
19. 15-20 минут 180 градуста қызып тұрған пеште пісіріп, артынша отты азайтамыз. Жалпы 1 сағат пісіреміз.
20. Тамағымыз дайын.
21. Тарелкаға салып, шетіне қияр мен қызанақ қойып безендіреміз. Астарыңыз дәмді болсын!
Құрметті Массагет оқырмандары, өздеріңіз жасаған мәзірлеріңізді суретке түсіріп, massagetkz@gmail.com поштасына жолдауларыңызға болады. Суреттері сапалы болса, міндетті түрде жариялаймыз. Егер суретке түсіру мүмкіндігіңіз болмаса, рецептісін жазып жіберіңіз. Асыға күтеміз!
Қ. Бүйенбай