Массагеттен мәзір: "Қарныжарық"

Массагеттен мәзір: "Қарныжарық"
Фото: massaget.kz

Баялды — түрік асханасындағы ең танымал көкөніс. Одан түрлі дәмтатым мен ыстық тағам әзірленеді. Піскен күрішпен, балықпен, кебабпен қатар қойылады. Түркияда баялдының 40-қа жуық түрін өсіреді. Барлық түрінен тамақ жасайды. Түрік асханасындағы баялдыдан әзірленетін, кең таралған тағамдардың бірі – қарныжарық. Кезекті мәзірімізде осы тағамды әзірлеуді жөн көрдік. Олай болса, іске кірісейік. 

Қажет азық-түліктер тізімі:

- 6 баялды;

- 1 кг қызанақ;

- 350 гр фарш (сиыр немесе қой еті);

- 1 бас пияз;

- 300 гр болгар бұрышы;

- өсімдік майы;

- тұз;

- су. 

1. Көкөністерді тазартып, жақсылап жуамыз. 

2. Шұңғыл ыдысқа ас қасық тұз саламыз. 

3. Үстіне суық су құямыз. 

4. Ішіне баялдыны саламыз. Салмас бұрын ішін оямыз. 

5. Етті бірнеше бөлікке бөлеміз. 

6. Жақсылап жуамыз. 

7. Еттурағыштан өткіземіз. 

8. Фаршымыз дайын. 

9. Фаршты табаға салып қуырамыз. 

10. Пиязды бірнеше бөлікке бөлеміз. 

11. Оны да еттурағыштан өткіземіз. Қаласаңыз, майдалап турауыңызға болады. Пиязды еттің үстіне салып қуырамыз. 

12. Болгар бұрышын майдалап тураймыз. 

12. Оны табаға салып қуырамыз. 

13. Қызанақтың тең жартысын майдалап тураймыз. 

14. Оны да қуырамыз. 

15. Әбден піскенше қазанның қақпағын жауып, бұқтырамыз. 

16. Баялдының қабығын жартылай аршимыз. 

17. Оны жақсылап қуырамыз. 

18. Екі жағын да қуырамыз. 

19. Піскен фаршымызды ішіне саламыз. 

20. Бетіне шикі болгар бұрышын саламыз. 

21. Оның үстіне қызанақ қоюға болады. 

22. Қалған қызанақты бірнеше бөлікке бөлеміз. 

23. Еттурағыштан өткіземіз. 

24. Аз тұз себеміз. 

25. Су құямыз. 

26. Әр баялдының ішіне бір-бір қасықтан тамызамыз. 

27. Қалғанын ыдыстың ішіне құямыз. 200 градуста қызып тұрған пешке салып, 15 минут пісіреміз. 

28. Мәзіріміз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Қ. Бүйенбай