- Негізгі бет
- Аспаздық
- Денсаулыққа пайдалы ең...
Денсаулыққа пайдалы ең арзан тағамдар
Көп адам пайдалы тағамдардың бағасы қымбат болады деп ойлайды. Шындығында тағам мен оның сапасының арасында байланыс жоқ. Денсаулыққа пайдалы тағамдар арзан да, қымбат та болуы мүмкін. Кезекті материалымызда жоғарыдағы "аңызды" жоққа шығаруды ұйғардық.
Бағасы арзан болса да, пайдасы бірнеше есе жоғары түрлі тағам таптық. Мұнымен қатар, тым қымбат тағамдардың керісінше денсаулыққа кері әсерін тигізетінін анықтадық. Бұл кептірілген еттен әзірленген деликатестер мен жартылай фабрикат өнімдерге қатысты айтылып жатыр. Әрине, арзан бағаға устрица, қара икра, бөрікгүл, қасқыржем сынды тағамдарды сатып ала алмаймыз. Бар болғаны назарларыңызға арзан әрі пайдалы тағамдарды ұсынамыз.
1. Тұтас жарма
Адамдар жармалардың ішінен арпа мен оның ақталған түрін көп сатып алады. Арпа денсаулыққа пайдалы дәнді дақылдардың қатарына жатады. Оның құрамында ақуыз, крахмал, А және В дәрумендері бар. Мұнымен қатар, фосфор мен йод қосылған түрлі минерал кездеседі.
Арпадан жасалатын ең дәмді тағам – ботқа. Оны бір күн бұрын суға салып қою арқылы денсаулыққа пайдасы мол тағамдарды оңай пісіріп, ризоттоның бір түрі перлоттоны әзірлеуге болады.
Тары, қара тары, жүгері, бидай сынды дәнді дақылдардың бағасы қымбат әрі денсаулыққа тигізер айтарлықтай пайдасы жоқ. Құрамындағы дәрумендері арпаға қарағанда әлдеқайда аз. Олар тойымды азық-түліктердің қатарына жататындықтан, ас үйде болғаны артықтық етпейді. Мысалы, арпа мен жүгеріні араластырып ботқа әзірлеуге болады. Ішекті тазалау үшін кебек қосамыз.
Күріш пен қарақұмық сіз бен біз ойлағандай пайдалы емес. Олардың бағасы да қымбат. Күріштің құрамында көмірсу ғана, ал піскен қарақұмықтың пайдалы ешнәрсесі жоқ.
2. Асбұршақ пен жасымық
Бұршақ тұқымдастар құрамында ақуыз өте көп. Олардан дәнді дақылдар секілді ботқа әзірлеп, сорпа қайнатуға болады. Бұдан өзге асбұршақ пен жасымықты салаттарға қоса аламыз. Ал бұршақ ұнынан кисель әзірлейміз. Өкінішке орай, асбұршақты пісіру үшін көп уақыт қажет. Сондықтан аспаз бойжеткендеріміз оны тамаққа сирек қосады. Шындығында, олар жармаға қарағанда жылдам піседі. Түнде суға салып қойсаңыз, таңертең жұп-жұмсақ болып тұрады. Уатылған бұршақ пен жасымықты 20-25 минут ішінде әзірлеуге болады. Бірақ асбұршақтың асқазанға айтарлықтай ауыр тағам екенін ескеріңіз. Оларды аз-аздан ұйықтар алдында жеу керек.
3. Тауық
Барлық еттің ішінде тауық еті өте пайдалы әрі арзан. Оны пешке салып, қазанда қуырып, суға пісіріп жеуге болады. Кішкене көкөніс қосып жіберсеңіз, тойымды тағамға айналады.
Жалғасы бар...
Қ. Бүйенбай