Ас үй ханшайымдарына: Картоп пен саңырауқұлақты пісіру

Ас үй ханшайымдарына: Картоп пен саңырауқұлақты пісіру
Фото: plus.google.com

Картоп пен саңырауқұлақты қаймаққа араластырып, тұздап, пісіруге болады. Картопты қуырудың орнына пешке салып, пісірген жөн. Сонда ол жұпар иісті, дәмді әрі пайдалы болады.

Ол үшін бізге:

- 5-6 картоп;
- 500 гр саңырауқұлақ;
- 1 сәбіз;
- 3 ас қасық майлы қаймақ;
- зәйтүн майы керек болады.

Тұздау үшін:

- ¼ шай қасық құрғақ паприка;
- құрғақ райхан;
- қара ұнтақталған бұрыш;
- лавр жапырағы;
- тұз керек.

Дайындау жолы:

Саңырауқұлақтарды кесіп, тураңыз. Майға қуырып алыңыз. Картоп пен сәбізді тазалап, турау керек. Тұздық пен қаймақты қосып, араластырыңыз. Қуырылған саңырауқұлақтарды қосып, пісіруге арналған пакетке салып, байлаңыз. Картоп тезірек пісуі үшін бірнеше пакетке бөліп салуға болады.

Пешті 220 градуста қыздырып, 25 минут пісіріңіз.

Ас болсын!

Ф. Абилова