- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: Тосап...
Массагеттен мәзір: Тосап қосылған печенье
Құрметті оқырмандар, кезекті мәзірімізде тосап қосылған печенье әзірлеуді жөн көрдік. Қолжетімді азық-түліктерден, жылдам әзірленеді. Дәмі тіл үйіреді. Қандай тосап қосатыныңызды өзіңіз таңдауыңызға болады.
Қажет азық-түліктер тізімі:
- 500-550 гр ұн;
- 180-200 гр сары май;
- 2 жұмыртқа;
- 2 ас қасық қаймақ;
- 220-250 гр қант;
- 300-500 мл тосап.
1. Ұнның үстіне сары май саламыз.
2. Жұмыртқа саламыз.
3. Қант саламыз.
4. Қаймақ қосамыз.
5. Ас содасын қосамыз.
6. Жақсылап илейміз.
7. Қамырдың үштен бір бөлігін салафанға салып, 1 сағатқа тоңазытқышқа қоямыз. Қалған қамырды да тоңазытқышқа саламыз.
8. Арада 1 сағат өткен соң үлкен қамырды пештің ыдысына жайып саламыз. Салмас бұрын ыдысқа сары май жағамыз.
9. Кейін қамырдың бетіне тосап жағамыз.
10. Кіші қамырды үккіштен өткізіп, бетіне себеміз. 200 градуста қызып тұрған пешке салып, 15-20 минут пісіреміз.
11. Тосап қосылған печеньеміз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Қ. Бүйенбай