Перғауын ұсынған диета - 2

Перғауын ұсынған диета - 2

Каир елді мекенінде, Сфинкстен оңтүстікке қарай 400 метрде бір ерекше қала орналасқан. Оны әдетте «Пирамида тұрғызушылар қаласы» немесе арабша «Хейт-аль-Гураб» деп атайды. Оған 4,5 мың жыл болған. Пирамиданың құпиясына қызыққан ғалымдар оны зерттеп, қаланың қандай артықшылығы бар екенін анықтауға тырысты.

Басы

Гиза пирамидасын салып жатқан құрылысшыларға жалпы есеппен 21 900 және 54 750 қой мен қозы әкелген. Мұнша малды өсіру үшін 400 шаршы метр жер керек. Бұдан өзге шопандар тұратын, малға шөп өсіретін жерді ескерсек, үш есе артық жер керек болғанын байқаймыз.

Ғалымдар мал бағушылар санының да көп болғанын анықтады. Этнографиялық зерттеулерге сүйенсек, бір шопан 6 ірі қара мен 50 қозы және қой бағады екен. Осылайша шопандардың саны 19 мыңға жетеді. Бұл есепке олардың отбасы да кіреді. Яғни шопандар мен олардың отбасы сол кездегі Мысыр тұрғындарының 2%-ын құраған. Төрт түлік малды Нілдің сағасында жайған.

Зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде құрылысшылардың өміріне қатысты қызықты мәліметтер белгілі болған. Мысалы, қаланың солтүстік бөлігінде өмір сүрген қарауылдар ең қымбат етті жесе, «галерей» деп аталатын аудан тұрғындары қой мен қозының етін жейтін болған.

Үй жануарларының ішінде ең қасиеттісі сиыр болғанын байқауға болады. «Хейт-аль-Гураб» қаласындағы ыдыстың, заттардың сыртында сиырдың суреті салынған. 

Шошқа етін аса бағалаған деп айту қиын. Бұл фактіні қаланың оңтүстік бөлігінен шошқа етінің көп табылуы дәлелдейді. Осы аймақта ең төмен сатыдағы, құрылысшылардың да қатарына кірмейтін адамдар өмір сүрген. Олар құрылыс жұмыстарына араласпаса да, өмірлері құрылыспен байланысты болған.

Микерин пирамидасын зерттеу арқылы Гизадағы басқа да пирамидалар туралы мәлімет алуға болады. Билеуші пирамидаларды салғызбас бұрын дөңнің екінші бөлігін қоқыспен толтыруды бұйырған. Осылайша дөңнің екінші бөлігіне Хеопс пен Хефрен пирамидасынан қалған қалдықтарды төсейді. ХХ ғасырда ғалымдар қоқыс тасталған жерден ежелгі билеушілердің есімі жазылған заттар тапқан.

Перғауын жұмысшылардың белсенділігін арттыру үшін оларға тек ет жегізуге тырысқан. Құрылысшылар калориясы көп тағам жесе де, семірген жоқ. Себебі тынымсыз еңбек етті. Яғни қанша күшті тағам жесек те, физикалық белсенділіктің арқасында семірудің алдын аламыз. 

Қ. Бүйенбай