- Негізгі бет
- Аспаздық
- Пиццаның дәмі шығатын...
Пиццаның дәмі шығатын балмұздақ әзірленді
Фото:
iuic.info
Италияда пиццаның дәмі шығатын балмұздақ әзірленді. Неаполь кафелерінің бірі Италия асханасының екі дәстүрлі тағамын біріктірген.
Неапольдағы танымал пиццерияның қожайыны Джино Сорбилло ерекше балмұздақты өзі жасаған. Қаймақтан істелген балмұздақ құрамында Сан Марцано томат конфитюрі де бар. Райхан қосылған пицца отын пешінде дайындалған. Джино Сорбилло балмұздаққа арнап жеке конфитюр жасаған. Балмұздақтың дәмі тіл үйіреді.
Әзірге балмұздақ Неапольда ғана сатылмақ.
М. Оңғарова