- Негізгі бет
- Аспаздық
- Артық салмақтан арылуға...
Артық салмақтан арылуға көмектесетін тағамдар
Кез келген адам денесінің сымбатты болуын армандайды. Ол үшін дұрыс тамақтанып, жаттығу жасап тұру керек. Алайда артық салмақтан арылу үшін қандай тағам жеу керектігін көптеген адам біле бермейді. Сол себепті назарларыңызға арықтауға арналған тамақ түрлерін ұсынамыз:
1. Сүзбе, айран, ұйыған сүт, йогурт
Сүтті тағамдардың құрамында кальцитриол бар. Бұл элемент – артық салмақтан арылуға көмектесетін гормон. Құрамында майы жоқ сүтті тағамдарды таңдағаныңыз жөн. Олар ақуызға бай болады. Ал ақуыз арықтаймын дейтін адамның мәзірінде болуы тиіс элемент.
2. Жанжабіл
Жанжабілдің құрамындағы эфир майлары ас қорытуды жақсартып, асқазан сөлінің бөлінуіне әсер етеді. Бұл ағзаға майлы жасушадан арылуға көмектеседі. Жанжабіл теріні де жақсартады.
3. Орамжапырақ
Арықтағысы келетін адамға орамжапырақтың кез келген түрін жеуге болады: ақбас қырыққабаты, түрлі түсті орамжапырақ, брокколи, т.б. Орамжапырақтың құрамында жасұнық мол. Ол ағзадағы артық токсиндерді шығаруға көмектеседі. Онда әйел ағзасындағы эстрогендердің алмасуын жақсартатын индол-3-карбинол бар. Орамжапырақтың калориясы аз болғандықтан, көп жей беруге болады.
4. Қияр
Қиярдың құрамында су мол болады. Калориясы аз. Қияр ағзаны ішінен де, сыртынан да ылғалдандырады. Спортпен белсенді айналысатын адамдар үшін қияр өте пайдалы. Арықтауға қияр жақсы көмектеседі. Қиярдың қабығының құрамында бағалы дәрумендер мен микроэлементтер мол. Сондықтан, қабығын тазартпай жегеніңіз жөн.
5. Даршын
Даршын қан құрамындағы қант деңгейін төмендетеді. Даршынды күнделікті ішетін сусындарға, яғни шайға, кофеге, айранға қосып, ішіңіз.
6. Грейпфрут
Грейпфрут С дәруменіне бай болғандықтан қан құрамындағы инсулинді азайтады. Оның құрамындағы флавоноид нарингин өт айдайтын элемент. Арықтағыңыз келсе, грейпфруттың ащысын кеспей жеу керек.
7. Көк шай
Көк шай ағзаны қыздырып, тазартады. Ол тағамның тез қорытылуына көмектеседі. Көк шайдың құрамындағы табиғи тиамин тері астында және орган айналасында жиналатын майлардан арылуға көмектеседі.
8. Су
Су тәбетті тыюға көмектеседі. Ағзаның құрамындағы артық тұздардан арылтады. Неғұрлым көп су ішсеңіз, соғұрлым артық салмақтан тез арыласыз.
9. Таңқурай
Басқа жидектерге қарағанда таңқурайдың құрамында қант азырақ. Сондықтан, ол калориясы аз тағамның біріне жатады. Таңқурай асқазан сөлінің бөлінуіне әсер етеді. Сол себепті, оны тамақ ішіп болған соң жеген жөн.
10. Қыша
Ащы тағам асқазан сөлін бөлуге көмектеседі. Балық, ет, тауық, салатты қышамен жеген дұрыс.
Ф. Абилова