Кешкі асқа арналған тойымды салат

Кешкі асқа арналған тойымды салат
Фото: taliselen.blogspot.com

Кешкі дастарқанды түрлендіргіңіз келсе, дәмді, жеңіл әрі тойымды салат дайындауға кеңес береміз. Салаттың құрамында тауық еті мен ірімшік болғандықтан денсаулыққа пайдалы. Бұл салатты жесеңіз, артық салмақ қоспайсыз.

Салатты дайындау үшін бізге:

- 2-3 қызанақ;
-
500 гр тауық еті;
- 150 гр қалың сұрыпты ірімшік;
- 1 құты қызыл бадана;
- салат жапырақтары;
- кептірілген нан;
- тұздау үшін майонез немесе қаймақ керек болады.

Дайындау жолы:

1. Қызанақ пен салат жапырақтарын ұсақтап турап алыңыз. Ал ірімшікті үккіштен өткізіңіз.

2. Тауық етін ұсақтап турап, 20 минут жай отта бұқтырып пісіріңіз. Кішкене қуырып алуыңызға да болады.

3. Бадана, қызанақ, салат жапырақтарын майонез немесе қаймақпен араластырыңыз.

4. Салатты кептірілген нанмен безендіріңіз.

Салат майлы болмау үшін майонездің орнына жеңіл соус пайдалануға да болады. Асыңыз дәмді болсын!

Ф. Абилова