Жаздың аптап ыстығында шөлімізді балмұздақпен немесе жеміс мұзымен басып жатамыз. Осы дәмді жеміс мұзын өзіміз ұнататын жемістерден дайындауды үйренейік.
1. Бізге жеміс мұзын дайындау үшін банан, киви, қант, кез келген шырын, сүт және пластик стақан мен қасық қажет болады. Өзіңізге ұнайтын кез келген жемісті таңдай аласыз.
2. Кивиді тазалап, кесектерге бөліп аламыз. Бір кивиді безендіру үшін алып қойдым.
3. Кесілген кивилерді ыдысқа салып, қалауыңыз бойынша қант салыңыз. Бірақ қантты көп салып жібермеңіз, шырында да қант бар екенін ескеріңіз.
4. Кивиді және қантты миксер немесе блендердің көмегімен араластырамыз. Содан соң үстіне шырын құйып тағы да араластырамыз.
5.Дайын болған сұйықтықты 3 стақанға жартылай құйдым. Одан соң қалған 1 стақанның ішіне алдымен безендіру үшін алып қойған кивиді дөңгелек етіп кесіп, стақанның ішіне салдым. Содан соң үстіне сұйықтықты толтырып құйдым. Стақандарымызды тоңазытқышқа салып қоя тұрамыз.
6. Тазаланған бананды кесектерге бөліп, ыдысқа саламыз. Қалауыңыз бойынша қант қосыңыз.
7. Бананды қантпен миксер немесе блендердің көмегімен араластырыңыз. Содан соң үстіне сүт қосып, тағы да араластырып шығыңыз.
8. Дайын сұйықтықты 1 стақанға толтырып құйдым. Және де стақанға ұстағыш ретінде пластик қасықты салыңыз.
9. Мұздатқыштан жартылай киви сұйықтығы құйылған стақанды алып шығыңыз.
10. Жартылай киви сұйықтығы құйылған стақандарды банан сұйықтығымен толтырыңыз. Пластик қасық салуды ұмытпаңыз. Мұздатқышқа стақан ішіндегі сұйықтықтар қатқанша саламыз. 5-6 сағат кетуі мүмкін. Немесе ұйықтар алдында дайындап, таңертең алсаңыз жақсы болады.
11. Мұздатқыштан ыдыстарды алдым.
12. Дайын болған жеміс мұзын ыдыстан жеңіл түсіру үшін жылы суы бар табаққа 1 минут ұстаңыз.
13. Жеміс мұзы дайын.
14. Бананнан дайындалған жеміс мұзы.
15. Банан және кивиден дайындалған жеміс мұзы.
16. Кивиден дайындалған жеміс мұзы.
17. Жеміс мұзын мұздатқышта сақтау үшін қақтамамен (фольга) орап қойыңыз. Сіздерге ұнады деп ойлаймын. Ас болсын!