Массагеттен мәзір: "Ганфан"

Массагеттен мәзір: "Ганфан"
Фото: massaget.kz

Бұл тағамның пайда болуы туралы аңыз бар. Ертеректе лағманның кеспесі желініп, тұздығы сол күйі қалып қоятын болған. Ертесінде тұздығына арнап күріш пісірген. Екінші тағамның дәмді болғаны соншалық, оны бөлек тағам ретінде әзірлеген. Артынша "ганфан" деген ат берген. 

Қажет азық-түліктер тізімі:

- 500 грамм ет;

- қызыл болгар бұрышы;

- жасыл болгар бұрышы;

- 2 тіс сарымсақ;

- 1 бас пияз;

- көк пияз;

- қытай орамжапырағы;

- өсімдік майы;

- тұз;

- қызанақ;

- томат пастасы;

- сое соусы.

1. Етті қуырып, бір стақан су құямыз. Ет піскенше қақпаған жауып, бұқтырамыз. 

2. Үстіне пиязды жұқалап турап саламыз. 

3. Қызанақты үлкенірек етіп тураймыз.

4. Еттің үстіне салып қуырамыз.

5. Қызыл болгар бұрышын тураймыз. 

6. Көкөністермен бірге қуырамыз.

7. Көк болгар бұрышын тураймыз. 

8. Оны да көкөністермен бірге қуырамыз. 

9. Сәбізді майдалап тураймыз. 

10. Қуырамыз. 

11. Қиярды тураймыз. 

12. Қуырамыз. 

13. Қытай орамжапырағын көлемдірек етіп тураймыз. 

14. Оны да қуырамыз.

15. Сарымсақты майдалап кесеміз.

16. Оны көкөністерді аз уақыт бұқтырған соң саламыз.

17. Қазандағы көкөністердің барлығын жақсылап араластырып, сое тұздығын қосамыз. Су құямыз.

18. Су қайнаған соң тұз бен бұрыш қосамыз.

19. Көк пиязды майдалап турап, дайын болған тамақтың үстіне саламыз.

20. Ганфанымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Қ. Бүйенбай