Массагеттен мәзір: "Орман кебаб"

Массагеттен мәзір: "Орман кебаб"
Фото: Massaget.kz

Орман кебаб – түрік асханасының ең дәмді тағамдарының бірі. Оның дәмі қозы етінен жасалған кәуаппен пара-пар. Сиыр етінен де, қой етінен де дәмді етіп жасалады. Түрік асханасының ерекше тағамын кешкі асқа ұсыну арқылы отбасыңызды қуанта аласыз. Жасалуы өте қарапайым әрі қолжетімді азық-түліктерден дайындалады. Олай болса, іске кірісейік!

Қажет азық-түліктер:

- 500 грамм қой немесе сиыр еті;
- 3 ас қасық өсімдік майы;
- 1 пияз;
- 1 сәбіз;
- 2 қызанақ;
- 6 картоп;
- консервіленген бұршақ;
- тұз;
- бұрыш.

1. Пиязды жұқалап тураймыз. 

2. Пиязды қуырамыз.

3. Сәбізді төртбұрыштап тураймыз. 

4. Оны да қуарамыз. 10 минут  бойы бұқтырамыз. 

5. Етті кесектеп тураймыз. 

6. Бұқтырылып жатқан көкөністердің үстіне салып, қуырамыз. Артынша ет піскенше бұқтырамыз. Арасында азық-түліктер бататындай етіп су құямыз. 

7. Қызанақты тураймыз. 

8. Тамақ қайнаған соң, қызанақты бетіне саламыз. 

9. Қалауымызша бұрыш пен тұз себеміз. 

10. Картопты тураймыз. 

11. Тамақтың үстіне салып, пісіреміз. 

12. Асбұршақтың суын сорғытамыз. 

13. Картоп піскен соң, асбұршақты қосамыз. 

14. Тамағымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Қ. Бүйенбай