Ас үй ханшайымдарына кеңес #8

Ас үй ханшайымдарына кеңес #8
Фото: almatylife.kz

Әйелдер үшін ас үй бөлмесі – ең көп уақыт өткізетін мекен. Жақындарымызға дәмді тағам жасау үшін, ең алдымен, ас үй құпияларын біліп алғанымыз дұрыс. Мұны білсек, біздің нағыз ас үй ханшайымына айналарымыз сөзсіз. Ендеше, төмендегі кішігірім құпияларды есте сақтайық!

1. Егер кофеңіздің дәмді болғанын қаласаңыз, оны қатты қайнатпаңыз. Қатты қайнап кеткен болса, аз уақыттан кейін үстіне суық су қосыңыз. Мұнымен қатар, кофе ерекше дәмге ие болуы үшін бір шымшым тұз қосыңыз.

2. Күрішіңіздің аппақ әрі жұмсақ болғанын қаласаңыз, суына 1 ас қасық сірке қышқылын қосыңыз.

3. Жақындарыңызды дәмді аспен қуантқыңыз келсе, бірнеше қоспасы бар фаршты пайдаланыңыз. Фарштың құрамында ет, сәбіз, шикі картоп, ет сорпасы және қыша болады.

4. Тамақтың бетіндегі қаймақ қоюланып қалмас үшін сүтпен араластырыңыз.

5. Орамжапырақтың жұмсақ болып піскенін қаласаңыз, алдын ала ыстық суға, артынша суық суға салыңыз. Суын сорғытқан соң қуыра беруіңізге болады. Түсі де, мөлшері де сол қалпында қалады.

6. Тамаққа қосатын шарапты 2 шәй қасық қосылған сірке қышқылымен алмастыра аласыз.

7. Ішек-қарны тазартылмаған тауық тазартылғанына қарағанда, әлдеқайда ұзақ сақталады.

8. Күрішті лимон қышқылы және жаңа сығылған лимон шырынының көмегімен ағартуға болады. Аталған ингредиенттерді қайнап жатқан суға қосыңыз. Күріш пісіріліп жатқан ыдыстың қақпағын жабудың қажеті жоқ.

9. Қышамен бірге қуырылған шұжық қайнатылғанына қарағанда әлдеқайда дәмді.

10. Бауырдың жұқа қабықшасын оңай тазартқыңыз келсе, қолыңызға тұз сеуіп алыңыз.

11. Әдетте етті суық суға салып пісіреміз. Егер оның дәмді болып піскенін қаласаңыз, бірден қайнап жатқан суға салыңыз. Және майдалап тураудың қажеті жоқ.

12. Томат пастасының беті көгермегенін қаласаңыз, оған құрғақ қыша жағыңыз.

13. Кисельіңіздің дәмі сол күйінде сақталсын десеңіз, оны қайнатудың қажеті жоқ. Ал жемістерден сығылып алынған шырынды міндетті түрде қайнатыңыз. Артынша оны кисельге қосыңыз.

14. Қызылша дегеніміз – кемінде 4 сағат пісірілетін көкөніс. Алайда мына қулықты пайдалануыңызға болады: бір сағат қайнатып, артынша 10-15 минутқа суық суға салыңыз.

15. Қиярдың қытырлақ болғанын қаласаңыз, консервілеу кезінде гүлтәжі жапырақшаларын қосыңыз.

16. Винегретке 1 ас қасық сүт пен 1 шәй қасық қант қоссаңыз, дәмі тіл үйіретін болады.

17. Азық-түлікті салқын жерде сақтаған дұрыс. Себебі оның құрамындағы май күн сәулесі түскен кезде қышқыл татып кетеді. Мұнымен қатар, шоколад, майонез және халва сынды тағамдар тез бүлінеді.

18. Дүкеннен сатып алынатын майонездің денсаулығымызға тигізер зияны көп. Оны қыша мен сарыуыз қосылған қаймақпен алмастыруға болады.

19. Етті сірке қышқылына, ашыған сүтке салу арқылы жұмсартуға болады.

Қ. Бүйенбай