- Негізгі бет
- Аспаздық
- Пайдалы тағамдарға не...
Пайдалы тағамдарға не жатады?
Жақсы тамақтану - адам денсаулығының басты кепілі. Ендеше денсаулыққа пайдалы тағамдар тізімін назарларыңызға ұсынамыз.
Пияз
Пияз ісіктің алдын алады. Туралған пияз құнарлы заттардың құрамын арттырады. Оны күрішпен немесе басқа көкөністермен зәйтүн майына қуырып, дайындауға болады. Бір кесе пияздың құрамында 61 калорий, 3 гр көмірсу мен май бар.
Авокадо
Құрамында жасұнық (көмірсулар) мол болғандықтан холестеринді азайтады. Бір авокадоның құрамында 81 калорий, 8 гр май мен 3 гр көмірсу бар.
Бөрікгүл
Бұл тағам тері ісігінің алдын алып, қан құрамындағы холестерин деңгейін қалыпта ұстауға атсалысады. Бөрікгүлді буда 30-40 минут бойы қайнату керек. Лимон шырынын қосып ішуге болады. Бір бөрікгүлдің құрамында 60 калорий, 7 гр көмірсу бар, май мүлде жоқ.
Жанжабіл
Жанжабіл зиянды холестерин құрамын азайтады. Жүрек айнуын болдырмайтын антиоксидант болып келеді. Тұмауды емдеу үшін бал қосылған жанжабіл шайын ішуге болады. Оны дайындау үшін 1 шай қасық жанжабіл, 1 шай қасық бал мен лимон тілімін кесе салып, үстінен 1/3 кесе салқын су құйып, содан соң толтырыңқырап ыстық су құю керек. 1 шай қасық жанжабіл құрамында 1 калорий бар, ал көмірсу мен май мүлде жоқ.
Брокколи
Брокколи кеуде ісігінен қорғануға көмектеседі. Оның құрамында С дәрумені мен бета-каротин молынан бар. 1 кесе брокколидің құрамында 25 калорий, 3 гр жасұнық бар, май мүлде жоқ.
Саумалдық
Саумалдық көз торы дистрофиясының алдын алады. Көз торы дистрофиясы қартайған шақта көз ауруының негізгі себепшісі болып келеді. Барлық тағамға саумалдық жапырағы, зәйтүн майы мен сарымсақ қосып отырыңыз. Бір сыбағаның құрамында 7 калорий, 1 гр көмірсу бар, май жоқ.
Қызанақ
Ол қуық қалбыршағы, асқазан ауруларының алдын алып, тоқ ішек ісігінің пайда болу қаупін 50 пайызға азайтады. Ол үшін сіз күнде қызанақ жеп тұруыңыз керек. Бір қызанақтың құрамында 26 калорий, 1 гр көмірсу бар. Құрамында май болмағандықтан, зәйтүн майымен жеуге болады.
Асқабақ
Асқабақтың құрамында темір молынан бар. Сондықтан қан жетіспеушілікпен ауыратын адамдар көптеп жеуі керек. Бізге таныс дәрумендерден өзге құрамында ас қорытуды тездететін Т дәрумені, қанды ұйытатын К дәрумені бар. Бір сыбаға құрамында 80 калорий, 6 гр көмірсу мен 1 гр май бар.
Сарымсақ
Ол ағзадағы зиянды холестерин құрамын азайтып, қан қысымын төмендетеді. Сондай-ақ асқазан, тоқ ішек ісігінің алдын алуға көмектеседі. Оны әртүрлі тағамға қосып, жеуіңізге болады. Сарымсақты фольгаға орап, 15-20 минут пеште пісіріп, жұмсартыңыз. Содан соң оны нанға жағып, жеуге болады. Бір сарымсақ құрамында 4 калорий бар.
Денсаулығыңыз мықты болсын!
Ұқсас жазбалар:
Киви жемісінің пайдасы бар ма?
Тез әрі оңай жасалатын түскі ас
Ф. Абилова