Мәзір:"Экспресс палау”

Мәзір:"Экспресс палау”

Ас дайындауға көп уақыты бола бермейтен қыздарға, сондай-ақ үй палауын аңсап жүрген студент жігіттерге арналған палаудың экспресс жасалу жолы. Құрамы мен дайындалу жолы өте оңай мәзір.

Құрамы:

Тартылған ет -  300 гр.

Сәбіз - 3 дана

Пияз - 1 дана

Күріш - 2 кесе

Сұйық май - 1/2 кесе

Тұз - 1/2 ас қасық 

Су - 3 кесе

Дайындалуы:

  • Сәбізді бірдей көлемді ұзын текшелерге тураймыз;

  • Пиязды да бірдей көлемді ұзын текшелерге тураймыз;

  • Тартылған етті қуырамыз;

  • Қуырылған етке сәбізді, біраздан кейін пиязды қосамыз;

  • Қазанға су құйып, қайнатамыз, тұз қосамыз;

  • Күрішті жуамыз;

  • Қазанға күрішті саламыз;

  • Су толықтай буланып кеткенін күтеміз (жарты сағат шамасында). Бұл кезде қазанды ашпаймыз;

   Палау дайын! Астарыңыз дәмді болсын!



ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар