- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: "Нәзік"...
Массагеттен мәзір: "Нәзік" пирогы
Отбасына дәмді ас дайындап, қошемет сөз естуді барлық қыз жақсы көреді. Бірақ, бұған әркім түрліше қол жеткізеді. Бірі — тәтті тағамдар дайындаса, екіншілері — өзге ұлт асханаларының тағамын әзірлейді. Әр ұлттың өзіне тән асханасы болғанымен, көпшілігінде түрлі пирог бар. Сол пирогтың бір түрін бүгінгі мәзірімізде ұсынамыз.
Қажет азық-түліктер:
♦ 500 грамм ұн;
♦ 4 жұмыртқа;
♦ 3 бас пияз;
♦ 500 грамм тауық еті;
♦ 1/2 шай қасық ас содасы;
♦ 2 ас қасық өсімдік майы;
♦ 150 грамм маргарин;
♦ зәйтүн;
♦ аскөк;
♦ сарымсақ;
♦ қант;
♦ тұз.
1. Ұнның үстіне 2 жұмыртқаны саламыз.
2. Ас содасын қосамыз.
3. Маргаринді жібітіп саламыз.
4. Маргаринді майда бөліктерге бөлеміз.
5. Өсімдік майын құямыз.
6. Артынша суға қант пен тұз қосып илейміз.
7. Ірімшікті үккіштен өткіземіз.
8. Пияз бен тауық етін қуырамыз.
9. Жақсылап қуырған соң табаққа саламыз.
10. Зәйтүнді майдалап турап, үстіне саламыз.
11. Сарымсақты майдалап турап саламыз.
12. Ірімшікті саламыз.
13. Аскөкті майдалап турап қосамыз.
14. Ең соңында тұз қосамыз.
15. Барлығын жақсылап араластырмыз.
16. Салманы қамырдың үстіне жаймалап саламыз.
17. Екінші қамырды суреттегідей етіп кесеміз.
18. Оларды өзара қиылысатындай етіп орналастырамыз.
19. Шеткі жиегін жинақтаймыз.
20. Жұмыртқаның сарыуызымен бетін майлаймыз.
21. Духовкіде 40 минут пісіреміз.
22. Дайын болған соң бірден кеспей, 15 минут суығанын күтеміз.
23. Пирогымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Сурет: Massaget.kz
Қ. Бүйенбай