Массагеттен мәзір: "Штрудель"

Массагеттен мәзір: "Штрудель"

Араларыңызда «веналық штрудель» атты тағамды естігендеріңіз бар шығар. Вена дегеніміз – штрудель тағамының ең алғаш жасалған жері. Бір қызығы, аталған тәтті тағам Аустрия астанасына шығыс тағамы ретінде енген. Арабтар раушан гүлінен алынған зат пен апельсин шәрбатынан жасалған тәттіні жұқа қамырға салып дайындайтын тағам болған екен. Олардың дайындау әдісі өзгеше болған. Қазіргі замандыкіне мүлдем дерлік ұқсамайды. Шығыс елі «похлава» тәттісін дайындайтын әдіске ұқсатып қамырды орамай бірінің үстіне бірін қойып отырған.  

Жергілікті тұрғандар түріктер Венгрияға кірген кезде жұқа қамырдан жасалатын тағам түрімен танысқан. Яғни бұл тағамды түріктер де өте жақсы дайындайтын болған.

Габсбурги монархиясы кезінде штрудель Вена аймағына танылып, сол жерде түрліше дайындала бастайды. Артынша барлық империя жеріне тарайды. Көп жағдайда штрундель тағамын ішіне тәтті жеміс пен тосап салу арқылы дайындайды. Бірақ, бүгін біз өзгеше әдісін ұсынуды жөн көрдік.

Азық-түліктер:

♦ 350 грамм ұн;

♦ 0,5 келі картоп;

♦ 0,5 келі сәбіз;

♦ өсімдік майы;

♦ 0,5 келі пияз;

♦ 2 жұмыртқа;

♦ тұз;

♦ қара бұрыш;

♦ 400 грамм қой еті.

1. Екі жайымға жететіндей қамыр илейміз.

2. Артынша қамырды жайып, ортасына майдалап туралған пияз саламыз. Пиязды салмас бұрын қара бұрыш пен тұзға араластырып аламыз. 

3. Пиязды салған соң қамырды ораймыз.

4. Ораған қамырымызды бірнеше бөлікке бөлеміз.

5. Етті табаға салып қуырамыз.

6. Үстіне сәбізді салып қуырамыз.

7. Ет пен сәбіз жақсылап қуырылған соң картоп қосамыз. 

8. Қара бұрыш пен тұз қосып араластырамыз.

9. Үстіне су құйып, біраз уақыт қайнатамыз.

10. Су қайнаған соң бетіне штрудельдерді саламыз.

11. Тамағымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Қ. Бүйенбай