Дәрумен мен минералға бай тағамдар

Дәрумен мен минералға бай тағамдар

Бүгінде дүкен сөрелерінен миллиондаған тағамның түрін кездестіре аламыз. Алайда оның бәрі біздің денсаулығымызға пайдалы емес. Қоршаған ортамыздың ластанғаны соншалықты, ағзамызға әртүрлі дәрумендермен, микроэлементтермен көмектесуіміз қажет. Сол себепті бүгін біз сіздердің назарларыңызға дәрумендер мен минералдарға бай тағамдарды ұсынамыз.

Үрмебұршақ

Ағзамыздың тәуір тіршілік етуі үшін керек заттардың бәрі үрмебұршақтың құрамында бар. Мысалы: ақуыздар, әртүрлі қышқылдар, каротин, С, В1, В2, В6Ғ РР дәрумендері. 

Шие

Бауыр мен бүйрек қызметін ынталандырып, қанайналымды жақсартады. Терімізге де тиімді. 

Брокколи

Дәрумендер мен минералдарға бай көкөніс. Жүрек қан тамырлары мен қатерлі ісікке қарсы төтеп береді. Және кальцийге бай.

Авокадо

Калориясы көп жеміс. Ол теріге пайдалы нәрлі майларға және А, Е дәрумендеріне бай.

Сәбіз

Сәбіздің құрамында каротин көптеп кездеседі. Сонымен қатар C, B, D, E дәрумендеріне, минералдар мен микроэлементтерге бай.

Қияр

Қиярдың теріге пайдалы екенін бәріміз жақсы білеміз. Және В, С тобындағы дәрумендерге бай.

Банан

Бананның құрамында калий бар. Ал калий жүрекке, сүйекке, миға, тіске, бұлшық етке пайдалы. 

Құлпынай

Құлпынайдың құрамында адамды қуаттандыра түсетін және көңіл-күйді көтеретін 50-ге жуық хош иіс бар. 

Қарақұмық жармасы

Өзге жармаларға қарағанда, қарақұмық жармасында В, Е, РР дәрумендері мен минералды компоненттер 1,5-3 есеге көп. 

Апельсин

Апельсин шырыны ағзамыздың барлық жеріне көмектеседі және жүйке жүйесін жақсартады. 

Сурет: www.nastol.com.ua, infosmi.net, domisemya.com, dietolog.org, sadoved.com, gid24.com, cooks.kz, zakupka.tv, best-guide.ru

Оқи отырыңыз:

Апельсинді аршудың жеңіл жолы (Видео)

Басқа халықтар таңғы асқа не ішеді?

Кешкі ас үшін жеңіл салат дайындап үйренейік

Фейхоа жемісінің дәмін татып көрдіңіз бе?

Ж. Исакаев