- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: "Тауықты...
Массагеттен мәзір: "Тауықты мексикалықтарша әзірлеу"
Мексика әлемге ваниль, жержаңғақ пен шоколад сынды тағамдарды өндіретіндігімен әйгілі. Мұнымен қатар, ащы тағамдарды да ұсынады. Көпшілік сүйіп жейтін бұл ащы тағамдарға міндетті түрде жүгері, чили, қызанақ, күнзе, жұпаргүл және кактус қосылады.
Мексиканша тауық деп аталатын тағамдардың негізгі компоненті – тауық еті. Оның күрішпен, картоппен, лавашта дайындалатын түрлері бар.
Мексиканша тауық тағамын әзірлеу үшін бізге:
♦ 500 грамм тауық;
♦ 1 пияз;
♦ 400 грамм консервіленген жүгері;
♦ 3 сәбіз;
♦ 2 ас қасық қызанақ пастасы;
♦ 2 кішкене тіс сарымсақ;
♦ аскөк;
♦ 2 ас қасық зәйтүн майы;
♦ қара бұрыш;
♦ қызыл бұрыш қажет.
1. Зәйтүн майына төртбұрыштап туралған сәбізді қуырамыз.
2. Үстіне пиязды саламыз.
3. Артынша бірнеше бөлікке бөлінген тауық етін саламыз.
4. Қалауымызша тұз, қызыл және қара бұрыш қосамыз.
5. Тауық етін жақсылап қуырған соң үстіне 2 ас қасық қызанақ пастасын суға ерітіп құямыз. Қайнаған кезде сарымсақты майдалап турап қосамыз.
6. Артынша консервіленген жүгеріні саламыз.
7. Мексиканша тауығымыз дайын. Ұсынар кезде жанына картоп, кеспе немесе күріш салып беруіңізге болады. Астарыңыз дәмді болсын!
Сурет: Massaget.kz
Қ. Бүйенбай