Мәзір: Чебуректер

Мәзір: Чебуректер

Моңғол, түрік, кавказ халықтарының ұлттық тағамының бір түрі болатын чебуректер тұзды қамырдан жасалынып, түрлі салындысы болатын тағам. Назарларыңызғда дәстүрлі етті салындыдан емес, жұмыртқа мен жусайдан жасалынған салындысы бар чебуректердің мәзірі.

 

 

Құрамы:

Қамыр:

  • 1 стақан айран;
  • 1 жұмыртқа;
  • тұз;
  • ұн (мөлшері қамырдың иленуіне байланысты).

Салынды:

  • 4-5 жұмыртқа;
  • жусай;
  • тұз.
Жұмыртқаны айранмен араластырып, тұздаймыз.
Қажетінше ұн қосып, жұмсақ қамыр илейміз.
Қамырды 20 минутқа бетін жауып қоямыз.
Жұмыртқаны пісіріп, майдалап тураймыз.
Жусайды жуып, майдалаймыз.
Салындыны тұзбен араластырамыз.
Қамырды бірнеше майда бөліктерге бөлеміз.
Әр бөлікті жұқа қылып жаямыз.
Ортасына салындыны салып, шеттерін тығыз етіп жабамыз.
Чебуректі ысып тұрған майға екі жағынан қуырамыз.
Чебуректер дайын! Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

С. А