Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Мәзір: Сүзбелі печенье

Мәзір: Сүзбелі печенье

Мәзір: Сүзбелі печенье

Сүзбе –  айранды қайнатып, кішкентай қапшыққа құйып, суын сүзіп алғанда қалған қою масса. Сіздерге ұсынғалы отырған мәзір осы сүзбеден жасалған печенье.

Құрамы:

  • 450-500 г сүзбе;
  • 200 г сары май/маргарин;
  • 2 дана жұмыртқа;
  • 400-450 г ұн;
  • ванилин, тұз, құмшекер.

Ұнға маргаринді турап саламыз да, еземіз. Оның үстіне ванилинді қосамыз.

Маргарин еріген соң, сүзбе мен бір шымшым тұз салып, қамыр илейміз. Қамыр қолға жабыспайтын және жұмсақ болуы керек.

Қамырды жарты сағатқа бетін шүберекпен жауып қоямыз. Жарты сағаттан кейін, қамырды кішкентай бөліктерге бөліп, қолмен жұқалап жаямыз.

Қамырдың бетіне аздап құмшекер сеуіп, бір рет бүктейміз. Содан соң бүктелген қамырға тағы құмшекер сеуіп, екінші рет бүктеп, ыстық пештің табасына қоямыз.

Бүктелген қамырдың үстіне аздаған құмшекер сеуіп, шоколадты үгітеміз. Жұмыртқаны сарысынан ажыратып, ағын көпіртеміз де, қамырдың үстіне қосамыз.

200-220 градус ыстық пеште 20-25 минут пісіреміз.

Сүзбелі печеньеміз дайын. Ыдысқа салып, ыстық шәйға ұсынамыз. Астарыңыз дәмді болсын!

Арнайы Массагет үшін дайындаған:  АКА

14615 11
Рейтинг: +7

Қосылған күні: 12 маусым 2012, 13:12
Пікірлер
+0
12 маусым 2012, 14:18

Күшті ғой мәзірің, АКА :)

+0
12 маусым 2012, 14:18

Ақнұр, молодец! )

+0
12 маусым 2012, 14:22

енді жесек,ә

+0
12 маусым 2012, 14:22

Неге ағын, Ака? Әшейінде сарысын жағады ғой)) Өте дәмді көрінеді екен!!!

+0
12 маусым 2012, 18:43

Әдетте мен сарысын қызарту не жұмсарту үшін қолданатын ем, бұл мәзірде сол ағын пайдалан деген. Құмшекермен араласқанда шамалы жылтыр беретін шығар :)

+0
12 маусым 2012, 14:34

Сүзбе қосқан печеньенің дәмі қышқыл болатын шығар, иә?

+0
12 маусым 2012, 18:35

Жоқ, сүзбенің қышқылын қолданып көрмеппін.

+0
12 маусым 2012, 15:26

күштісін-аааай

+0
12 маусым 2012, 16:28

массагетте пысык кыздар коп екен гой

+0
12 маусым 2012, 16:50

керемет қо мынау!! барып істейм)

+0
12 маусым 2012, 16:53

Ауылга барып жасап кору керек екен)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...