- Негізгі бет
- Аспаздық
- Тағам дәмді болсын...
Тағам дәмді болсын десеңіз...
Тағамды дәмді ететін тұздық (соус) емес пе? Сізге ең дәмді әрі ерекше деген 10 рецепт ұсынамыз.
1. Майлылығы 15% қаймақ, сарымсақтың екі тілімі, ұсақталып туралған аскөк, тұз бен қара бұрышты араластырыңыз. Мұндай тұздық голубцы, драниктер, көкөністен жасалған котлетке және қайнатылған картопқа арналған деуге болады.
2. Зәйтүн не өсімдік майы, лимон шырыны, тұз және кептірілген итальяндық шөптерінің қоспасымен (райхан, орегано, майоран, жебіршөп) араластырыңыз. Бұл тұздық көкөніс салаттары, балық, тауық және етпен беріледі.
3. Бұл соусты дайындау үшін кілегей, сыр, жұпар жаңғағы мен кептірілген сарымсақ қажет болады. Кілегейді таба салып, ысытып, сыр қосып, дәмдеуіш салып, сыр ерігенше дайындаймыз. Паста, күріш, картопқа қосып беруге болады.
4. Пияз және сүйікті дәмдеуіштеріңізді аз мөлшердегі сумен араластырыңыз (блендердің көмегіне жүгінуге болады). Тауықты маринадтау үшін, картопты қыздырып, пісіргенде немесе көкөніспен бірге асқа қоюға болады.
5. Майонез, соялық тұздық, сарымсақ тілімі, лимон шырыны және аздаған қышаны араластырып өте дәмді соус дайындауға болады. Оны фри картобы немесе наггетс тауығымен бірге берген дұрыс. Сонымен қатар лаваш нанға жағып, қызанақ, сыр, тауық және жасылдан салып, дөнер секілді дәмді тағам жасауға болады.
6. Самырсын жаңғағы, райхан, майсыз ақ ірімшік (пармезан) және итальяндық шөптерді араластырып классикалық әрі өте дәмді жасыл соус дайындауға болады. Балық және етпен жақсы үйлесетін тұздық екеніне көз жеткізіңіз.
7. Дор блю сыры мен кілегейді блендерде араластырып, сәл жылытып, пастамен беруге болады.
8. Қызанақтар, пияз, сарымсақ және қызыл бұрыштың бір салымының қосындысынан керемет соус дайындауға болады. Ол үшін қызанақтарды қабығынан тазартып, дәмдеуіштер, пияз және сарымсақпен блендер арқылы ұсақтаңыз. Табаға салып қыздырып, күріш, ет және тауыққа қосып беріңіз. Сонымен қатар қайнатылған картоп, қайнатылған баялды және басқа да көкөністермен де үстелге қоюға болады.
9. Майонез, аздаған қызанақ пастасы және ұсақталып туралған корнишондарды араластырып драниктер, балық, қуырылған картоппен дайындасаңыз өте дәмді тағам шығатынына күмән жоқ.
10. Сүзбе ірімшік, жасыл, ұнтақталған қара бұрышты араластырыңыз. Көкөністер, қайнатылған картоп, қыздырылған балыққа дайындаған тұздығыңызды қосып беруіңізге болады.
Міне, осындай 10 ерекше тұздықтарды жазып алып, отбасыңызды не сүйіктіңізді дәмді тағаммен қуантатыныңыз сөзсіз.
Ас болсын!
Сурет: abali.ru
Ф. Абилова