- Негізгі бет
- Аспаздық
- Өмірімізді өзгертетін "алтын...
Өмірімізді өзгертетін "алтын сүтті" бірге әзірлейік
«Алтын сүт» - барлығына пайдасы тиетін, күнделікті кешкі мезгілде бір уақыт ішуге ұсынылатын сусын. Таңғажайып сусынның негізгі қоспасы – куркума. Куркума тамыры мен жапырағының құрамында сары түсті бояу мен түрлі эфир майы бар. Антиоксиданттарға өте бай болғандықтан, оба ауруын қоздыратын жасушаларға қарсы тұра алады.
Аталған сусынның пайдалы қасиеттері:
- Антисептикалық және ауырған жерді басу әсері;
- Иммунитетті көтеру;
- Антиканцерогонды әсері;
- Холестеринді реттеп отыру;
- Ас қорыту мүшелерін қалпына келтіру;
- Бауыр ауруларын алдын алу;
- Ағзадағы қалыпты қысымды ұстап тұру;
- Есте сақтау қабілетін жақсарту;
- Тері ауруларын емдеу;
- Жүйке ауруларын емдеу.
Сүт куркумаға бұрыш қосу арқылы жасалады. Ал бұрыштың құрамындағы пиперин өз кезегінде куркуманың әсерін екі есе көбейтеді. Олай болса «алтын сүтті» дайындайық.
Сүтті дайындамас бұрын алдымен куркума пастасын әзірлеген жөн. Куркума пастасын төмендегідей жасаймыз. Ол үшін бізге:
- ¼ стақан куркума ұнтағы;
- ½ шәй қасық қара бұрыш;
- ½ стақан фильтірленген су қажет.
Аталған қоспаларды араластырып, қайнатамыз. Артынша құтыға салып тоңазытқышқа қоямыз. Және ұзақ уақыт бұзылмай сақталатындықтан үнемі жаңасын жасаудың қажеті болмайды.
«Алтын сүт» келесідегідей жасалады:
- 1 стақан бадам немесе какос сүті;
- 1 шәй қасық какос майы;
- ¼ шәй қасық жоғарыда жасалған куркума пастасы;
- Бал.
Балдан өзгесін араластырып, пісіреміз. Тек қайнап кетпеуін қадағалау керек. Ал балды қоспа дайын болған соң қосамыз. Алтын сүтіміз дайын! Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Сурет: avatan.ru
Қ. Бүйенбай