Мәзір: "Дуэт" торты

Мәзір: "Дуэт" торты

Құрамы:

Жұмыртқа — 4 дана

Ұн — 1 стақан

Қопсытқыш — 1 шай қасық

Грек жаңғақтары — 1/3 стақан

Мейіз — 1/3 стақан

Кіреміне:

Қант — 1 стақан

Қаймақ — 200 гр. қосамыз.

Дайындалуы:

Кіремі:

  • 200 гр.қаймақты миксердің көмегімен шайқап алу керек;
  • Оған қант қосып, тағы араластырамыз;

        

Негізгі әрекет:

  • Кең ыдыста екі жұмыртқаға қант қосып, миксердің көмегімен араластырамыз;

        

  • Жұмыртқаға 1 шай қасық қопсытқышты қосамыз;

        

  • Қоспаға енді ұн қосып, миксердің көмегімен араластыруды жалғастырамыз;

         

  • Жаңғақтарды майда етіп езіп, мейізді де майда етіп тураймыз;

          

  • Қамырды екі ыдысқа бөліп аламыз да, біріне мейіз, келесісіне жаңғақ ұнтақтарын қосамыз;

           

  • Енді әр тостақтағы қамырды бөлек 180° температурада 20 минуттан пісіріп аламыз;

           

  • Піскеннен кейін екі бөліктің арасына крем жағып, қосамыз;

           

  • Жаңғақ пен мейізді,сондай-ақ макті көркемдегіш құралдар ретінде пайдаланып, торттың бетін сәндеуге болады..

           

            Торт әзір!