Массагеттен мәзір: "Айастан"

Массагеттен мәзір: "Айастан"

Аяулы бойжеткендер! Бұрын-соңды кешкі асқа не жасасам болатындығы туралы көп ойланып, күнделікті тағамдар қайталанбас үшін қымбат азық-түлік сатып алып жасайтынмын. Алайда қолда бар көкөніс пен етті пайдаланып өзгеше тағам жасауға болатындығын байқадым. Кезекті мәзірімізде өте оңай әрі қол жетімді азық-түліктерден жасалатын тағамды ұсынамын. Ол үшін бізге ең алдымен.

- қой еті;

- картоп;

- пияз;

- өсімдік майы;

- тұз;

- қара, қызыл бұрыштар қажет.

 
Ең алдымен етті кесек-кесек болатындай етіп тураймыз. Еттің сүйегі барын таңдасақ, соғұрлым сөлі де жақсы шығады.
 
 
Картоптың да барынша үлкен болғаны жөн. Әйтпесе қазан түбінде нағыз пюреге айналып кетуі мүмкін.

 
Қалауымызша тұз, қызыл, қара бұрыш қосып, жақсылап араластырамыз.
 
 
Туралған азық-түліктің барлығын қазанға салып бұқтырамыз. 30 минут толықтай жеткілікті.
 
 
30 минут бұқтырған соң азық-түлікті 180 градуста қызып тұрған духовкіге салып пісіреміз. 
 
 
Духовкіге салмас бұрын бетіне майонез жағып, аскөк себеміз. Осылайша "Айастан" атты тағамымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Сурет: massaget.kz
Қ. Бүйенбай