Массагеттен мәзір: «Балғындық» салаты

Массагеттен мәзір: «Балғындық» салаты

Үлкен дастарқан жайып, туыс-достарды шақырмақ болсаңыз, біз ұсынып отырған салат дастарқаныңыздың төрінен табылуы қажет. Асқазанға ауыр тиетін тағамдар мен майонез қосылған салаттардан жалыққан жандарға да жасауға болады. Бұл салаттың дайындалуы ұзақ уақытты қажет етпейді. Әрі құрамындағы өнімдер кез келген жеміс-көкөніс дүкенінен табылады. 

Құрамы: 

1 болгар бұрышы;

3 алма;

3 қияр;

200 гр черри қызанағы;

1 бума салат жапырағы;

1,5 ас қасық зәйтүн майы немесе соя соусы;

Тұз.

Болгар бұрышын ұзын тілім етіп тураймыз. 
Черри қызанағын екіге бөлеміз. Черри қызанағының орнына қарапайым бақша қызанағын да қосуға болады. Бірақ ол тез езіліп, салаттың түрін қашыратынын ескеру қажет. 
Қиярды да жіңішке тілімдерге турап, екіге бөлеміз.
Алманы төртке бөліп, әр бөлікті жіңішке етіп тураймыз. 
Салат жапырағын үлкен етіп тураймыз. 
Барлығын шұңғыл ыдысқа салып, зәйтүн немесе соя соусымен, қалауымызша тұз сеуіп, араластырамыз. 

Араластырып болған соң, тәрелкеге салып, дастарқанға қоямыз. 

Асыңыз дәмді болсын!

Асүйде болған: Назерке Смағұл

Y. Smaghul