Бүгін назарларыңызға жасалуы оңай, әрі нәзік сүзбе бәлішін ұсынамыз.
![]() | Құрамы: 2,5-3 стақан ұн; 15 гр қамыр қопсытқышы; 400 гр ірімшік 3 жұмыртқа; 200 гр маргарин; 1 кесе шекер. |
|
| Ең бірінші жұмыртқаны жарып, үстіне жарты кесе шекер мен сүзбені қосамыз. |
![]() | Қоспаны жақсылап араластырамыз. |
|
| Екінші ыдысқа ұн мен қамыр қопсытқышын араластырып, маргарин мен қалған шекерді қосып араластырамыз. |
![]() | Нәтижесінде мынадай үгінді тәріздес қоспа пайда болады. |
![]() | Табаны майлап, үгіндінің жартысын салып, бетін тегістейміз. |
![]() | Сүзбеден жасалған қоспаны саламыз. |
![]() | Сүзбенің үстіне қалған үгіндіні салып, 180 градуста 35 минутқа пешке қоямыз. |
![]() | Бәліш дайын! Асыңыз дәмді болсын! |
Асүйде болған: Назерке Смағұл










