Тағамдағы дәрумендерді сақтап қалудың амалдары

Тағамдағы дәрумендерді сақтап қалудың амалдары

Әрине, азық-түліктер термиялық өңдеуге түскенде көптеген дәрумендерінен арылады. Дегенмен, бірқатар ережелерді ұстана отыра, тағам құрамындағы біршама пайдалы заттарды сақтап қалуға болады.

Тоңазытқышта сақтау

Өнімдердегі дәрумендерді жоғары температурадан ғана қорғау керек деп ойласаңыз, қателесесіз. Көкөністер мен жемістерді дұрыс сақтау, кейін өңдеуге түскен соң да бүлінбеуін қамтамасыз етеді. Мысалы, С дәрумені жарықта және бөлме температурасында сақталған көк шөптерден тез кетеді. Олар үшін тоңазытқышта нөлдік температураны сақтап тұратын BioFresh белгілері қарастырылған. Дәл сол жерде көк шөпті қызанақ, қияр, қырыққабат және басқа да ылғалы бар өнімдермен бірге сақтауға болады.

Әрбір үй иесі әйелі мұздатылған ет пен балықты еріту үшін микротолқынды пешті пайдаланады. Алайда мамандар өнімдерді барынша баяу еріту керектігін айтады: алдымен мұздатқыштан тоңазытқышқа салып, ал кейін суық суда.

Өңдеу

Көкөністердің қабығын жұқалап аршу керек деген анаңыздың ережесін кішкентай кезіңізден естіп келе жатқан боларсыз? Бұл бір жағынан үнемдеу тұрғысынан пайдалы ғана емес, көптеген өнімдердің пайдалы заттектері қабыршақтың дәл астында орналасқан. Және оның жұқалығы сонша, қажет емес беткі қабатымен аршылып кетуі әбден мүмкін. Сонымен қатар көкөністерді қабығымен пісіруге, бұқтыруға және қуыруға да болатынын еске саламыз.

Отқа түспес бұрын...

Азық-түлікті кәстрөл немесе табаға салар алдында ғана турап, дайындаған жөн. Бөліктерге бөлінген азық-түліктер ұзақ уақыт тұрып қалса, С дәруменінің 10-20% жоғалтады. Бұл ереже жібітуге де қатысты, мысалы картопты ұзақ уақыт суға салып қоюдың қажеті жоқ.

Егер көкөністер пайдалы заттектерін сақтап қалсын десеңіз, оларды сәл ысыған суға емес, бірден қайнаған суға салып пісіріңіз. Шығыс асханасынан байқаған болсаңыз, өнімдердің кішкентай бөлігін аз уақыт қана ең жоғарғы температурада қуырады. Мұның сыры осыда жатыр.

Қуырамыз, бұқтырамыз, пісіреміз

Өнімдерді дайындаудың осы үш нұсқасының өзіндік кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Дәрумендерді сақтауға тағамды бұқтырып пісіру көбірек ықпал етеді. Май немесе сорпа құймайтындықтан майға қанықпайды. Азық-түлік 100°С-тан жоғары қызбайды, сондықтан суда еритін дәрумендер мен минералдар жоғалмайды. Мысалы, қоңыр күрішті дәл осылай пісіру ұсынылады, өйткені қайнатып пісіргенде ол В1 дәруменінен арылады.

Қайнатып пісіргенде дәрумендер 30-60%-ға жоғалады. Бұл санды төмендету үшін пайдаланатын суды да азайту қажет. Бұған қоса, кейбір диетологтар мұздатылған өнімдерді пайдалануды ұсынады. Оларды мұз күйінде суға салу керек. Ал дайын болған тағамды қайта-қайта ысытпау қажет.

Қуырып пісіру тағам дайындаудың ең зияны деп саналады. Дегенмен, термоөңдеу кезінде дәрумендердің жоғалу деңгейі төмен екені анықталған. Ол үшін қуыру процесін дұрыс ұйымдастыру керек. Ең алдымен майды аз қолданып, өнімдерді жіңішкерек етіп турау қажет. Осылайша азық-түліктердің термиялық өңдеу уақыты азаяды, ал бұл дәрумендерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Бұқтыру, гриль пайдалану және қыздырып пісіру

Бұл әдістердің барлығы дәрумендердің сақталуына оң әсер етеді. Жұқалтыр немесе жеңді пайдадану арқылы сіз температураны көтересіз де, дайындалу уақытын азайтасыз – нәтижесі белгілі. Сонымен қатар ас үй жабдықтарының жезден жасалғандарын азырақ пайдалану ұсынылады.

Әрине, келтірілген әдістер дәрумендердің толық сақталуын қамтамасыз ете алмайды және пайдалы заттектердің көбі термоөңдеуге түскенде жоғалып кетеді. Мұның бәрі көкөністер мен жемістерді шикідей тұтынуға жетпейтіні анық. 

Сурет: www.nsp.lv

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina