Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Алманы қыс мезгіліне сақтау амалдары

Алманы қыс мезгіліне сақтау амалдары

Алманы қыс мезгіліне сақтау амалдары

Бау-бақшаңыз алма өніміне бітік болды делік, алма жемісінің өзін ғана емес құрамындағы пайдалы қасиеттерімен бірге сақтау үшін не істеу керек? Шындығында бәрі оңай – тек кейбір ережелерді сақтасаңыз жеткілікті.

Жаңа піскен алмаларды қалай сақтау керек?

Алманың барлық сұрпы ұзақ сақтауға келмейді. Жазда пісетін алманы ұзақ сақтай алмайсыз, ал күзгі алманы құрамындағы дәрумендері мен дәмімен бірге Жаңа жылға дейін ғана сақтай аласыз. Есесіне қысқы алма хош иісі мен пайдалы қасиеттерімен көктемге дейін қуанта алады. Дәл сол үшін қыс мезгіліне әртүрлі сұрыптағы алманы таңдаған жөн.

Алманы сақтауға дайындық

Жаңа піскен алманы ұзақ уақытқа сақтардың алдында оларды мұқият сұрыптау қажет. Талдан сәл дүмбілез күйінде алынған, бетінде дағы жоқ, құстар шұқып тастамаған, құрт түспеген, құп-құрғақ, жалпы айтқанда толық бүтін жеміс қана ұзақ сақтауға жарамды. Қалған түсімді, оның ішінде жерге түскен алмаларды өңдеп сақтауға – мысалы, тосап күйінде, компот немесе кептіріп сақтауға болады.

Сонымен, алма сұрыпталды және ең жақсы үлгілері таңдалды. Енді оларды тағы бір іріктеп, 3 бөлікке – кішкентай, орташа және үлкен жемістерге бөліп шығу керек. Бұл не үшін қажет: бір ыдыста ірі жемістер мен ұсақтарын сақтауға болмайды, өйткені салмақтылары кішілерін басып тастайды.

Алманы сақтайтын ыдысты таңдаймыз

Алма сақтайтын ыдыс сыртқы зақымнан қорғай алатын және ауа өткізетіндей болуы қажет. Бұған сәуле түсетіндей тетіктері бар ағаш жәшіктер немесе пластик, тор төрткілдештерден жасалған шәшіктер жарайды. Ең бастысы, ыдыс құрғақ және зең баспаған болуы қажет.

Сабанға салынған алма да жақсы сақталады, сонымен қатар мыж қағазға орап (тым құрығанда – газетке), емен немесе үйеңкінің құрғақ жапырақтарын сеуіп сақтауға да болады. Бұған қоса ағаш жоңқасы, пеште қыздырылған құм, қарақұмық қауызы, мұқият кептірілген пішен алмаға жақсы қорған бола алады. Қағаздан басқасының амортизациялау түп негізі 2 см-ден кем болмауы тиіс.

Алманы қалай орналастыру керек?

Кейбір бағбандар алмаларды жәшікке салмас бұрын әр жеміске 2% хлорлы кальций ерітіндісін егу керек деп кеңес береді. Осылай өңделген және кептірілген алма солу процесіне аз ұшырайды деп есептейді. Бірақ негізінде табиғаттың өзі алманың күз бен қыс сұрыптарында ұзақ сақталуына жауап беретін арнайы қабат түзейді. Сондықтан сақтар алдында алмаларды жуу мен сүртуге болмайды, әйтпегенде табиғаттың қорғаныш қабатын бүлдіріп аласыз.

Қапталған алманы сақтауға жібермес бұрын, ыдысқа белгі салып қойыңыз, яғни кіші жемістер қайсында, орташасы қайсында және ірілері қайсында сақталғанын белгілеңіз. Және тұтынуды ұсақ жемістерден бастаңыз, өйткені олар ылғалдылығын тез жоғалтады. Кейін ең ірілеріне көшіңіз – олар солуға көбірек бейім. Және тек орташа үлгілері ғана көктемге дейін жақсы сақталады, егер, әрине оны дұрыс сақтасаңыз.

Алманы қайда сақтау керек?

Алма сақтауға ең қолайлы жер – ауасы жаңарып тұратын жерқойма. Алма сақталған жәшіктерді жерге емес, сөрелерге қою керек. Жанында картоп, сарымсақ пен пияз жәшіктері болмауын қадағалаңыз. Мұндай көкөністермен бірге сақталуы оның хош иісіне кері әсер етеді. Өнімдерді сақтайтын жерқойманың температурасы 0 мен 7 градус аралығында болуы қажет, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 70-80%.

Егер жерқоймаңыз болмаса, алманы қала пәтері жағдайында сақтап көруге болады. Ол үшін алмаларды жарты килограммнан целлофан пакеттерге салып, аузын байлап, ал жанынан тілік жасап қойыңыз – бұл желдеткіш тетік болады.

Пакеттерді ең салқын жерге, мысалы тоңазытқыштың төменгі бөлігіне немесе балкон есігінің түбіне (немесе әйнектелген жылытылмайтын балконға) қойыңыз. Ең бастысы оларға күн сәулесі түспеуі керек. Әрине, сақтаудың мұндай түрі азын-аулақ түсімге ғана жарайды.

Бұдан өзге, әйнектелген балконда алмаларды жәшікте, жоғарыда аталып өткен тәсілмен сақтауға болады – сабанға немесе қағазға орап. Екіншісін пайдаланған тіпті ыңғайлы, өйткені бір алма шіри бастаса басқаларына жұқпайды.

Ал егер бірнеше килограмм алманы жаңа піскен күйінде сақтауға еш мүмкіндік болмаса, онда оны өңдеуге кірісіңіз. Алмадан тосап дайындау, компот жасау және кептіру жайлы келесі мақаламызда айтамыз. 

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 16 ақпан, 08:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.