Корей асханасында ең танымал тағамдардың бірі – кимпаб. «Ким» - теңіз орамжапырағы («нори» деген атпен таралған) және «паб» - корей тілінен аударғанда «күріш» деген мағынаны білдіреді. Негізі жапондардың ұлттық тағамы – сушиден шыққан, айырмашылығы – тек піскен өнімдерді қосатындығы. Сонымен, біз де қарапайым кимпабты жасап көрейік.
![]() | Құрамы:
|
![]() | Қиярды жіңішке әрі ұзын қылып тураймыз. |
![]() | Шұжық пен жусайды өсімдік майына қуырып аламыз. |
![]() | Жұмыртқаны омлет сияқты қуырамыз. |
![]() | Күрішті езіліп кетпейтіндей етіп қайнатып, пісіреміз. |
![]() | Норидің бір жағы жылтыр, екінші жағы бұдыр болып келеді. Біз күрішті бұдыр бетіне жаямыз. |
![]() | Күрішті норидің бетіне түгел жаймаймыз. Ораған кезде артық жерін сулап, жабыстыруға ыңғайлы болу керек. |
![]() | Енді қалған өнімдерімізді кезекпен орналастырып шығамыз. |
![]() | Консервіленген балықты езіп, жұмыртқамен бірге қойып, ораймыз. Астына арнайы кимпабты орауға арналған төсеніш болса, орау оңай болады. |
![]() | Кимпаб дайын, енді жіңішкелеп кесіп, дастарқанға қоямыз. |
Асыңыз дәмді болсын!
Асүйде болған: Назерке Смағұл
Y. Smaghul









