Пицца түрлері: неаполитандық, сицилия, Нью-Йорк

Пицца түрлері: неаполитандық, сицилия, Нью-Йорк

Бүгінгі таңда пиццаны үлкендер де, кішілер де сүйіп жейді. Ежелгі Египетте қамырдың бетіне ет пен көкөніс салып жейтін тағам байлар мен кедейлер арасында танымал болған. Ал заманауи пицца елімізге Италиядан келіп, үлкен танымалдылыққа ие болуда. Пиццадан диетаны ұстанып жүрген жандар ғана бас тартуы мүмкін. Ал оның қалай дайындалатынын білесіз бе? Білмеген болсаңыз, классикалық пиццаның қамырын дайындауды бірге үйренейік!

Пиццаның көптеген түрі болса да, ең танымал деп 3 түрін ғана атай аламыз. Соның бірі – неаполитандық стильдегі үлпілдек қамыр. Оны дайындау үшін: ұн, су, ашытқы және бір шымшым тұз қажет. Мұндай үлпілдеген қамырдың толықтай дайын болуына уақыт керек.


Нью-Йорк стиліндегі жіңішке қамырды зәйтүн майы мен қант қосып дайындайды. Қамыры жылдам ашығанмен, пісіру үшін көп уақыт кетеді. Май мен ұнды араластырған кезде глютеннің мөлшері төмендейді. Ал қанттың арқасында қамырдың беті қызарып, тәтті болады.

Ал үшінші бір танымал пицца қамыры сицилия стилінде дайындалады. Ол үйде пісіру үшін арналған. Құрамына зәйтүн майы мен су көп қосылатындықтан, оңай жайылады.

Пицца дайындаудағы басты ингредиент – ұн. Ол үшін қаптамасында «ОО» деген белгісі бар Италия ұны қажет. Өкінішке орай, оны Қазақстанның кез келген дүкенінен табу мүмкін емес, әрі бағасы да өте қымбат тұрады. Бұл сорттағы ұнды еліміздегі екінші сорт ұны алмастыра алады.


Классикалық үлгідегі пиццаны дайындау үшін, әдетте, 2,5 сағатқа жуық уақыт кетеді. Оның дайындалу тәсілі төмендегідей:

Шұңғыл ыдысқа 4 стақан ұн салып, үстіне 3 ас қасық тұз, 2 ас қасық пиццаға арналған ашытқы салыңыз. Илеу барысында стақан судың 4/1 бөлігін қосып отырыңыз. Қолыңызға жабыспайтындай дәрежеге жеткенше 10 минут уақыттай илеңіз. Иленген қамырды терең ыдысқа салып, бетін арнайы пленкамен жабыңыз. Артынша 12-18 сағатқа жылы жерге қойыңыз. Осы уақыт ішінде көтеріліп келе жатқан қамырды 3 рет илеңіз. Дайын болған қамырды өзара теңдей бөліктерге бөліңіз. Осылайша қамырымыз дайын.

Немесе пиццаның толық дайындалуын төмендегі видеодан көре аласыздар


Ал сіз пиццаның қандай түрлерін білесіз?

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай