Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Мәзір: "Зебра" торты

Мәзір: "Зебра" торты

Мәзір:

Жақындарыңызға сыйлық жасағыңыз келсе, мына ерекше "Зебра" тортын әзірлеп көріңіз. Басқа торттарға ұқсамайтын бұл тәтті көңіліңізден шығады деп сенеміз!

Құрамы:

Қамыр:

  • қант - 200г;
  • сары май немесе маргарин - 200г;
  • жұмыртқа - 5 дана;
  • 10-15%-ды қаймақ - 500 г;
  • ұн - 300-350г;
  • қамыр қопартқышы - 3 шай қасық (немесе 1 шай қасық ас содасы);
  • какао ұнтағы - 3-4 ас қасық.

Крем:

  • қаймақ - 400-500 г;
  • қант - 150 г;
  • ванильді қант - 2 шай қасық.

Глазурь:

  • сары май - 100 г; 
  • сүт - 5 ас қасық;
  • қант - 6-7 ас қасық;
  • какао ұнтағы - 5 ас қасық.

Дайындалуы

Сары майды қантпен еземіз. 
Жұмыртқа қосып, араластырамыз. 
Қаймақ қосып, араластырамыз. 
Үстінен қамыр қопартқышы мен ұнды қосып, қою емес қамыр әзірлейміз. 
Қамырды екі бөлікке бөлеміз. Біреуіне какао қосып, араластырамыз. 
Пісіру пішінін майлап оның тура ортасына 1-2 ас қасық какао қамырын құямыз. Үстінен 1-2 ас қасық ақ қамырды құямыз.  Оның тура ортасынан қайта какао қамырын құямыз.
Осылайша жалғастыра береміз.
Пішін қамырға толғанша осылай жалғастырамыз. Бір пішінге қамырдың жартысы кетуі керек. Берілген мөлшерлі құрамдас бөліктерден 2 бәліш шығуы керек.
Қамырды 180 градусқа дейін қызған пешке салып, 30-35 минут пісіреміз. 
Бәліш пісіп жатқанда, крем жасаймыз. Ол үшін қаймақ, қант және ванильді қантты араластырамыз. Миксер қолданған жөн.
Піскен бәліштерді суытып, ортасы мен үстінен креммен жағамыз.
Глазурь әзірлеу үшін кішкене кастрөлде сары майды ерітіп, сүт, қант, какао қосып, бір қайнатып, қоюланғанша оттан алмаймыз. Глазурьді торттың бетіне құямыз. Шеттерін де ұмытпай, толықтай тортты глазурьмен жабамыз.
Зебра торты дайын! Астарыңыз дәмді болсын!

 

72913 11
Рейтинг: +7

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 17 мамыр 2012, 15:30
Пікірлер
+0
17 мамыр 2012, 17:09

Мәәә, осы күштіііі зебра торты. :) Біздің үйде көп пісіріледі.

+0
17 мамыр 2012, 17:56

Енді осыны жасау керек. Санияның арқасында повар болатын болдым ))

+0
17 мамыр 2012, 18:49

Мына торт тамаша шығыпты. Нағыз зебра торт. Қолың дерт көрмесін, Сәния!

+0
17 мамыр 2012, 20:22

ммм жегім келіп кетті ғой.... жарайсың Сания!!!! қолың алтын ғой сенің... :!:

+0
17 мамыр 2012, 20:31

Қолыңыз дерт көрмесін!

+0
18 мамыр 2012, 14:13

Сәнияның арқасында деңіз, Сәния молодец! Неге мәзір авторын астына жазып қоймасқа? ;)

+0
19 мамыр 2012, 21:56

)керек емес))

+0
18 мамыр 2012, 19:57

Бұл менің күнде-күнде пісіретін тортым ғоооой)))

+0
21 мамыр 2012, 15:37

күшті ғо мынау деген, жегііііім кеп кетті

+0
21 мамыр 2012, 15:48

Осы сания пысық қыз ба? Маған беріңдерші әйел қылып алайын? Қашан құда түсейік? :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...