 | Сары майды қантпен еземіз. |
 | Жұмыртқа қосып, араластырамыз. |
 | Қаймақ қосып, араластырамыз. |
 | Үстінен қамыр қопартқышы мен ұнды қосып, қою емес қамыр әзірлейміз. |
 | Қамырды екі бөлікке бөлеміз. Біреуіне какао қосып, араластырамыз. |
 | Пісіру пішінін майлап оның тура ортасына 1-2 ас қасық какао қамырын құямыз. Үстінен 1-2 ас қасық ақ қамырды құямыз. Оның тура ортасынан қайта какао қамырын құямыз. |
 | Осылайша жалғастыра береміз. |
 | Пішін қамырға толғанша осылай жалғастырамыз. Бір пішінге қамырдың жартысы кетуі керек. Берілген мөлшерлі құрамдас бөліктерден 2 бәліш шығуы керек. |
 | Қамырды 180 градусқа дейін қызған пешке салып, 30-35 минут пісіреміз. |
 | Бәліш пісіп жатқанда, крем жасаймыз. Ол үшін қаймақ, қант және ванильді қантты араластырамыз. Миксер қолданған жөн. |
 | Піскен бәліштерді суытып, ортасы мен үстінен креммен жағамыз. |
 | Глазурь әзірлеу үшін кішкене кастрөлде сары майды ерітіп, сүт, қант, какао қосып, бір қайнатып, қоюланғанша оттан алмаймыз. Глазурьді торттың бетіне құямыз. Шеттерін де ұмытпай, толықтай тортты глазурьмен жабамыз. |
 | Зебра торты дайын! Астарыңыз дәмді болсын! |