- Негізгі бет
- Аспаздық
- Мәзір: Тауық сорпасы...
Мәзір: Тауық сорпасы
Бүгін сіздерді тауық сорпасының мәзірімен таныстырмақпыз. Тауық сорпасын суға қайнатып, сәбіз, не картоп қана қосып дайындауға да болады. Ал тойымды болу үшін кеспе, не макарон қосып дайындау керек. Біз кеспе қосып, дайындалған мәзірді ұсынамыз.
Қажетті заттар:
- Тауықтың бір саны;
- 4 картоп;
- 1 сәбіз;
- "Лия" кеспесі;
- Тұз, бұрыш;
Тауық санын қазанға салып, жуып аласыз да, толтырып суық су құйып, қайнатасыз. 1 үлкен қасық тұз қосыңыз. Су қайнаған соң, көбігін алып тастайсыз. Сосын 40 минуттай оттың астын басып, қайнатасыз.
Ет қайнап жатқан уақытта, сәбіз пен пиязды турап, кішкентай табаға май құйып, қуырып аласыз.
Тауық еті дайын болғанда, оны сорпадан шығарып, қуырылған пияз бен сәбізді сорпаға саласыз. 10 минуттай қайнатып, үстіне туралған картопты қосасыз.
Сәбіз, картопты 10-15 минут сорпада қайнатып, үстіне кеспе саласыз (қораптағы кеспенің жартысын салсаңыз да болады, барлығы қазан мен қанша адамға жасап жатқандығыңызға байланысты). Тағы 10 минуттай қайнатасыз.
Осы уақытта тауық етін майдалап турап, тамақ пісуге 5 минут қалғанда, сорпаға салып араластырып аласыз.
Оттың астын өшіресіз. Сорпа дайын!
Ас болсын!
A. Mustafina