| Құрамы: 1 дана апельсин 150 мл апельсин шырыны 150 гр қант 60 мл өсімдік майы 250 гр ұн 1 ас қасық сода қамыр қопсытқыш |
| Апелсинді қабығынан арылтып, бір ыдысқа суын сығып алыңыз. Апельсиннен қаншалықты судың шығатынын нақты білмегендіктен, қосымша апельсин шырынын сатып алдым. Дұрыс болған екен, мен таңдаған апельсиннен өте аз шырын шықты. |
| Енді апельсин қабығын үккіштен өткізуге кірісіңіз (цедра). Бір апельсиннің қабығының бәрін жұмсау керек. |
| Шырын мен цедраны араластырып, қант салыңыз. Араластырғыштың көмегімен қантты ерітіңіз. |
| Сонан кейін ұнды, соданы, қамыр қопсытқышты саласыз. |
| Жақсылап араластырып, майды құйыңыз. Негізі, 2 ас қасықтай уксус қосқан дұрыс секілді, бірақ мен одан бас тарттым. |
| Пешті 180 градусқа дейін қыздырып алыңыз. Табаны жақсылап майлап, дайын болған қамырды құйыңыз да, пешке салыңыз. Менің бәлішім 25-30 минутта пісіп шықты. Дайын болған тәттіге қант ұнтағын немесе кокос ұнтағын, бар болса, бадана күлтелерін сепсеңіз тіптен жақсы. |
Апельсин бәліші дайын! Асыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева