Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Массагеттен мәзір: Шпинат қосылған макарон

Массагеттен мәзір: Шпинат қосылған макарон

Массагеттен мәзір: Шпинат қосылған макарон

Макарон - ел ішінде "екінші ұлттық тағам" саналады. Ет болмаса да, ұн болмаса да үйде макарон бар болса, ешкім аш қалмасы анық. Тиімділігі мен тойымдылығы тұрғысынан макаронға жетер ас әзірге жоқ. Ал, бүгін макаронды біз үйреншікті ет немесе картоппен араластырып емес, оған ерекше дәм беретін шпинатпен жасауды үйретеміз. Бұл тағамды жасауға көп уақытыңыз кетпейді. 20-30 минутта дәмді де, ерекше тағам дайындай аласыз.

Құрамы:

  • 250 гр макарон;
  • 250 гр жас шпинат (консервіленгені де болады);
  • 300 гр черри қызанағы;
  • 150 гр ірімшік
  • 3-4 тал сарымсақ;
  • 1 пияз;
  • 100 гр шамасындағы кілегей (ор. - сливки)
Макаронды тұзды суға салып пісіріп алыңыз. Шпинаттарды жуып, кептіріп қойыңыз. Черриді жуып, тазалап, екі бөлікке бөліп қойыңыз.
Пияз бен сарымсақтарды майдалап тураңыз.
Отын аз қойып, қызып тұрған майға пияз бен сарымсақты қуырыңыз;
Қуырылған сарымсақ пен пияздың бетіне шпинаттарды жайып орналастырыңыз, ыстықпен олар жиырылып қалады;
Пісірілген макарондарды араластырып салыңыз, аздап кілегей құйыңыз.
Бетіне черри қызанағын салып, кішкене тұз бен бұрыш қосып, бәрін мұқият араластырыңыз да, бетін жауып, 5 минут қуырыңыз.
Дайын тағамның бетіне үккіштен өткізілген ірімішік сеуіп қоюға да болады.

Астарыңыз дәмді болсын!

Ас үйде болған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 18 сәуір 2014, 13:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.