Мәзір: Французша дайындалған ет

Мәзір: Французша дайындалған ет

          Құрамы:

Сиыр еті — 500 гр.

Картоп — 4 дана

Пияз — 1 дана

Ірімшік — 150 гр.

Майонез — 150 гр.

Ас тұзы — 1 шай қасық

Қара бұрыш — 1 шай қасық

Қызанақ – 2 дана

Дайындалуы:

  • Етті қалыңдығы 2-3 см етіп турап, жұқа етіп жаншып, пеш қалпына саламыз. Үстіне тұз бен бұрыш себіледі;

         

  • Картопты да жұқалап тураймыз;

         

  • Қызанақ пен пиязды жарты дөңгелектерге тураймыз;

         

         

  • Енді еттің үстіне пияз бен қызанақты кезегімен саламыз;

          

  • Соңғы қабаты туралған картоптан болады. Үстіне аздап тұз себіңіз. Енді майонез құямыз;

           

  • Майонезді біртегіс етіп жағамыз;

           

  • Енді дайын болған қабаттарды t=180~200°С температурада қызған пеште 30 минут пісіреміз;
  • Бұл уақытта ірімшікті үккіштен өткіземіз;

            

  • 30 минут өткен соң, тағамды шығарып, үккіштен өткізген ірімшікті сеуіп, осы температурада 15 минутқа қайта саламыз;

             

  • 10-15 минут өткен соң, "французша пісірілген ет" тағамы дайын болады.

             

 Астарыңыз дәмді болсын!