Құрамы:
Сиыр еті — 500 гр.
Картоп — 4 дана
Пияз — 1 дана
Ірімшік — 150 гр.
Майонез — 150 гр.
Ас тұзы — 1 шай қасық
Қара бұрыш — 1 шай қасық
Қызанақ – 2 дана
Дайындалуы:
- Етті қалыңдығы 2-3 см етіп турап, жұқа етіп жаншып, пеш қалпына саламыз. Үстіне тұз бен бұрыш себіледі;

- Картопты да жұқалап тураймыз;
- Қызанақ пен пиязды жарты дөңгелектерге тураймыз;

- Енді еттің үстіне пияз бен қызанақты кезегімен саламыз;

- Соңғы қабаты туралған картоптан болады. Үстіне аздап тұз себіңіз. Енді майонез құямыз;

- Майонезді біртегіс етіп жағамыз;

- Енді дайын болған қабаттарды t=180~200°С температурада қызған пеште 30 минут пісіреміз;
- Бұл уақытта ірімшікті үккіштен өткіземіз;

- 30 минут өткен соң, тағамды шығарып, үккіштен өткізген ірімшікті сеуіп, осы температурада 15 минутқа қайта саламыз;

- 10-15 минут өткен соң, "французша пісірілген ет" тағамы дайын болады.

Астарыңыз дәмді болсын!
А. Байжан