Алдымыздан демалыс қол бұлғайды. Көпшілігіміз осы күндері ұйқыны қандырып, түс ауасында оянамыз да, бірден асқазанымыздың тамақ сұрап тұрғанын байқаймыз. Осындайда дүкенге жүгірмей-ақ, тоңазытқышта бар азық-түліктерден дәмді ас дайындап үйреніңіз. Қыс мезгіліндегі ең қолжетімді тағамдардың бірі асқабақ болғандықтан, сіздерге асқабақ құймағын жасауды үйретеміз.
| Құрамы: 500 гр асқабақ |
| Асқабақ пен картоптың қабығын аршып, жақсылап жуып тазалаймыз. |
| Картопты үккіштен өткізіп, 5 минутқа ыстық суға немесе сүтке салып қойыңыз. |
| Асқабақты да ұсақ үккіштен өткізіп, бөлек ыдысқа саласыз. |
| Жұмыртқаның ағы мен сарысын ажыратып аласыз. |
| Шұңғыл ыдысқа, асқабақты, картопты, ұнды, жұмыртқа сарысын, тұзды, бұрышты саласыз да, жақсылап араластырасыз. Әбден араласқан соң жұмыртқаның ағын қосасыз. |
| Енді табаға май құйып, құймақтарды пісіре бастаймыз. Әрбір бетін қызарғанша қуырыңыз (2-3 минут). Арасы жақсы пісу үшін бетін жауып қойған дұрыс. |
Құймақтар дайын! Піскен құймақтарды қаймақпен бірге жеген өте дәмді болады.
Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева