Массагеттен мәзір: Саңырауқұлақ пиццасы

Массагеттен мәзір: Саңырауқұлақ пиццасы

Пицца – соңғы кезде елімізде үлкен танымалдыққа ие болған тағам. Демалыс күндері пиццаны өзіңіз әзірлеп, үйдегілерді қуантыңыз.

Қамыр құрамы:

  • 5-7 грамм құрғақ ашытқы;
  • 150-200 мл сүт;
  • 1 ас қасық қант;
  • 1 жұмыртқа;
  • тұз;
  • 2,5 ас қасық зәйтүн майы;
  • 250-300 грамм ұн;

Салынды:

  • 300 грамм шұжық;
  • 200 грамм саңырауқұлақ;
  • 100 грамм қара зәйтүн;
  • кетчуп;
  • 100 грамм ірімшік.
Жылы сүтке қант пен ашытқыны қосып араластырыңыз. Ерітіндіні 15 минутқа қалдырып қоямыз.
Жұмыртқаға тұз, май қосып, араластырыңыз.
Жұмыртқаны ашытқы ерітіндісіне қосып, бірге араластырамыз.
Ерітіндіге ұн қосып, қамыр илейміз. Қамырды кем дегенде жарты сағатқа жылы жерге қою керек.
Сол уақытта салындыны әзірлей береміз. Мысалға, шұжықты тураймыз.
Қамырды дөңгелек етіп жаямыз.
Оны алдын ала майланған табаға жаямыз. Пиццаның шетін жиырып қоюға болады.
Пицца бетіне кетчуп жағыңыз.
Үстінен салындыны саламыз. Бірінші кезек етті құрамдас бөліктерде.
Келесі кезек туралған саңырауқұлақта.
Зәйтүнді майдалап турап, пиццаның бетіне жайыңыз.
Пиццаны 20-25 минутқа 180 градусқа дейін қыздырылған пешке саламыз. 15 минут өткеннен кейін пиццаны шығарып, үстіне үккіштен өткізілген ірімшік себіңіз.
  Пицца дайын! Астарыңыз дәмді болсын.

Ас үйде болған: Сания Аринова

С. А