Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Көкөністердегі нитраттар шамасын кеміту

Көкөністердегі нитраттар шамасын кеміту

Көкөністердегі нитраттар шамасын кеміту

Қазірде дүкен мен базар сөрелеріндегі көкөністер мен жемістер нитраттарға толы екені баршамызға белгілі. Егер өз бақшаңыз болмаса, осы "улы" жеміс пен көкөністерді сатып алып, асқа қосудан басқа амал қалмайды. Бірақ біздің кеңестер ондағы нитраттар мен басқа да пайдасыз заттар шамасын кемітуге көмектеседі.

Нитраттар өсімдіктердің  белгілі бір жерлеріне жиналу қасиетіне ие. Көбінесе бұл жеміс пен көкөністің қабығы, тамыры не өзегі болады. Осы жерлерді кесіп, тамаққа қолданбасаңыз, нитрат пен басқа улы заттардан сақтана аласыз.

  • Нитраттар орамжапырақтың сыртқы қабаты мен өзегіне, тамырына жиналады екен.
  • Сәбіз бен қызылшаның ортасындағы өзегі жиі жағдайда ағарып, кейде жасыл түске боялады. Дәл осы жерге улы нитраттар жинақталады.
  • Қияр мен шалғам (редис) сынды көкөністердің ұштарын 1 сантиметрге кесіп, сыртқы қабығын ашыған жөн. Себебі бұл көкөністердің нитраттары дәл осы жерлерде жинақталады екен.
  • Қызанақты жей беруге болады. Тек оның үстіндегі және астындағы жасыл өскінді алып тастаған жөн.
  • Ас көк, салат жапырақтарының сабақтарын, тамырларын тамаққа қоспай, алып тастаңыз. 

Сондай-ақ көкөніс пен жемістерді әзірлеуде де кейбір ережелерді сақтасаңыз, нитраттардың асыңыздағы шамасын барынша кеміте аласыз.

  • Көкөніс пен жемістерді мұқият жуу керек екені бәрімізге белгілі. Бірақ осыдан кейін оларды ас содасы қосылған суда жуатын болсаңыз (1 литр суға 1 ас қасық ас содасын қосыңыз), ондағы нитраттарды кемітесіз.
  • Сондай-ақ көкөніс пен жемістерді әзірлеу немесе жеуге дейін 15 минут таза суға салып қоюға болады. Бірақ 15 минуттан асырмаңыз, бұл ондағы дәрумендерді де шайып тастай алады.
  • Әрине көкөністерді жылулық өңдеуден өткізу, яғни пісіру, ондағы улы заттарды өлтіреді. Мысалға піскен сәбізде нитраттар жартылай кемиді, ал қызылша мен картоп піскен кезде улы заттардың 20 пайызын жоғалтады.
  • Көкөністерді пісіру барысында олар салынған суды қайнаған кезде ауыстырған жөн. Себебі алғашында ең көп нитраттар бөлінеді.
  • Сондай-ақ буда пісіру немесе майда қуыру көкөністердегі нитраттар шамасын 10 пайызға дейін кемітеді. 
  • Нитраттардың кері әсерімен С дәрумені күреседі екен. Сондықтан осы дәрумен рационыңызда көп болғаны дұрыс. Оған қоса дәрумендер жинағын қабылдасаңыз да артық емес.

Әрине көкөніс пен жемістерді сатуға арнайы рұқсаты бар дүкендерден алған дұрыс. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: liveinternet.ru

3587 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 04 ақпан 2014, 17:30
Пікірлер
+0
04 ақпан 2014, 17:40

Қиярдың ұшын күтірлетіп тұрып жейміз ғой біз. Нитраттар жиналатын жерін жеп жатқанымызды қайдан білейік ))

+0
04 ақпан 2014, 20:44

Жуу, аршу ең оңтайлы жол деші

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...