Массагеттен мәзір: Орамжапырақ пісірмесі

Массагеттен мәзір: Орамжапырақ пісірмесі

Дәмді, ал ең бастысы тойымды тағамды етсіз дайындау мүмкін емес деп ойлайсыз ба? Бізбен бірге қарапайым, қолжетімді азық-түліктен тұратын орамжапырақ пісірмесін әзірлеңіз.

Құрамы:

  • 1 орамжапырақтың жартысы;
  • 1 пияздың жартысы;
  • 2 сәбіз;
  • 1 сарымсақ;
  • Майлылығы 20% кілегей;
  • Жарты стақан нан ұнтағы;
  • 100 грамм қатты ірімшік;
  • сұйық май;
  • майонез;
  • тұз, қара бұрыш. 
Пиязды жұқа, майда қылып тураңыз. 
Сәбізді үккіштен өткіземіз.
Табада май қыздырып, пиязды майдаланған сарымсақпен қуырып, артынан сәбіз қосыңыз.
Орамжапырақты үлкен бөліктерге бөліңіз.
Оны майға әр жағынан 2 минуттан қуыру керек.
Шамалы суыған қуырылған көкөністерге нан қоқымы мен кілегейді қосып, отқа қайта қоямыз. Осы кезде тұздықты тұздап, бұрыштаңыз. Ол кішкене қоюлану керек.
Қуырылған орамжапырақты іші майланған ыдысқа саламыз. Тұз, бұрыш қосыңыз.
Үстінен дайындаған тұздықты құйып, нығыздаймыз.
Бетіне майонез жағып, үгітілген сыр сеуіп қойыңыз. Пісірме 200 градусқа дейін қыздырылған пеште 25-30 минутта піседі.
Орамжапырақ пісірмесі дайын. Астарыңыз дәмді бослын!

Кілегей орнына қарапайым сүт қолдануға болады, бірақ бұл жағдайда пісірменің дәмі кішкене өзгереді. Егер бұл мәзірді сүтпен дайындауға бел бусаңыз, майлылығы жоғары түрін алғаныңыз жөн. 

Нан ұнтағы котлет не балық қуырғанда аунату үшін ұнның орнына қолданылады. Оны кез келген дүкеннен таба аласыз.

Ас үйде болған: Сания Аринова

С. А