Ас туралы мақал-мәтелдер

Ас туралы мақал-мәтелдер

Ас, тамақ туралы мақал-мәтел, нақыл сөздерге халқымыз кенде болмаған. Тамақ ішіп отырып та мақалдаған қазақ үшін дастархан киелі нәрсе саналған. 

  • Ас – адамның арқауы.
  • Қонақ келсе, ет қызарар, Ет қызармаса бет қызарар.
  • Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің.
  • Беретін кісі келгенде, бес қайнайды қазаным.
  • Барыңды батып іш, Жоғыңды сатып іш. 
  • Тойсаң, тоба қыл.
  • Құрғақ қасық ауыз жыртады.
  • Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен. 
  • Бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем.
  • Аш бала тоқ баламен ойнамайды, Тоқ бала аш болам деп ойламайды.
  • Жақсыға берсең асыңды, жақсы сыйлар басыңды, Жаманға берсең асыңды, итке тастар басыңды.
  • Өзі жарымағаннан сарқыт дәметпе. 
  • Піскен асқа жеуші көп, біткен іске сыншы көп.
  • Құлақтай ет жеп, құмандай сорпа іш.
  • Аштық ас талғамайды, Ғашықтық жас талғамайды. 
  • Қанағат қарын тойғызар. Қанағатсыздық жалғыз атын сойғызар.
  • Мешкей деген жақсы ат емес. 
  • Атсыз үй болса да, Ассыз үй болмайды. 
  • Бауыр шырын, бас тәтті, Ағайынмен ішкен ас тәтті. 
  • Кеудеден жан кетпесе, Ауыздан нан кетпейді. 
  • Аз ас, көп ниет.
  • Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы.
  • Ас тұрған үйде ауру тұрмайды.
  • Атың барда жер таны – желіп жүріп, Асың барда ел таны – беріп жүріп.
  • Аз асты аяған көп астан құр қалар.
  • Аз қайғыны ас басады, көп қайғыны дос басады.
  • Айға жетпес асыңды ауылдастан аяма.
  • Арықтың жілігі татымас.
  • Ауру астан, Дау қарындастан. 
  • Балық жеген тоқ болады, Әл-дәрмені жоқ болады. 
  • Ас ішіп ауырғанша, аш болып сау жүр.
  • Асты аяқ әдемі.
  • Аспаздың қарны асқазанына тояды.
  • Ас тасыса қатығы төгілер, Ашу тасыса ақылы төгілер. 
  • Асты келін – аналы келін. 
  • Аш кезінде берген күлше, Тоқ кезінде берген түйеден артық.
  • Ашыққанға қазан астырма, Тоңғанға отын жақтырма.
  • Аш кісінің ашуы жаман. 
  • Бір аяқ қымыздың екі аяқ желігі бар. 
  • Түскі асқа түстік жердегі келеді, Кешкі асқа күндік жердегі келеді. 
  • Ашта жеген құйқаны тоқта ұмытпа. 
  • Асы бардың ырысы бар, Аты бардың тынысы бар.
  • Асы жоқ алтын аяқтың алтынын ал да, отқа жақ. 
  • Бір аштың бір тоқтығы бар.
  • Қазаны басқаның қайғысы басқа.
  • Өле жегенше бөле же. 
  • Асы бар аяқты аттама.
  • Алты жыл аш жүрсең де, Ата салтыңды ұмытпа. 
  • Ағайынмен ішкен ас тәтті. 
  • Абысын тату болса, ас көп. Ағайын тату болса ат көп. 
  • Қымызды кім ішпейді, Қызды кім сүймейді?!
  • Туған ай – тураған ет. 
  • Жаманнан жарты қасық ас қалар. 
  • Қуыс үйден құр шықпа. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: newskaz.ru 

М. Оңғарова