Массагеттен мәзір: Еріншек спагетти

Массагеттен мәзір: Еріншек спагетти

Үй шаруасындағы әр ару ерініп тұрған кезде жасауға болатын оңай мәзірлерді білуі тиіс. Солардың қатарын тағы да бір мәзірмен толықтырыңыз.

Кейде ерініп, қиын тағам түрлерін әзірлеуге көңіл хошы соқпай тұрады. Ал оңай, 5 минутта әзірленетін тағамдар не дәмді емес, не онша әдемі шықпайды деп ойлаймыз. Жақсы көңіл-күй мен қиялды қоссаңыз, дәмді, әрі ерекше асты тез-ақ әзірлей аласыз. Назарларыңызда "Еріншек спагетти" мәзірі.

Құрамы:

  • 300 грамм спагетти;
  • 3-4 шұжық;
  • сұйық май;
  • тұз, бұрыш, басқа да дәмдеуіштер.
Шұжықты қабығынан тазалап, 3-ке бөлеміз.
Әр шұжықтың ортасынан бірнеше спагетти өткіземіз.
Қайнап тұрған суға тұз, бұрыш, дәмдеуіштер қосып, шұжық кигізілген спагеттиді саламыз.
Спагеттиді 10 минут шамасында орташа отта пісіреміз.
Еріншек спагетти дайын! Қалауыңызша асқа кез келген тұздық ұсына аласыз.

Ас үйде болған: Сания Аринова

С. А