Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Массагеттен мәзір: Ірімшік құймақтары

Массагеттен мәзір: Ірімшік құймақтары

Массагеттен мәзір: Ірімшік құймақтары

Ұзақ демалыс алдында Массагет сізге кезекті мәзірін ұсынғалы отыр. Демалыс күндері отбасыңызды осындай таңғы аспен қуантып көріңіз.

Ірімшік құймақтары – нәзік, тәтті, жұмсақ таңғы ас. Әрине бұл құймақтарды тәтті десерт, тіскебасар ретінде де ұсынуға болады. Әдеттегідей мәзірдің құрамдас бөліктері қолжетімді, әзірленуі оңай.

Құрамы:

  • 200 гр ірімшік;
  • 1 жұмыртқа;
  • 1 ас қасық ұнтақ жармасы (манка);
  • 1 ас қасық қаймақ;
  • 1,5 ас қасық қант;
  • тұз, ас содасы, ваниль қанты;
  • сұйық май, ұн.
Ірімшік, жұмыртқа, ұнтақ жармасы мен қантты араластырамыз.
Қаймақ, тұз, ваниль қантын қосыңыз.
15 минуттан кейін (бұл уақыт ұнтақ жармасы жібуі үшін қажет) қамырға 1-2 ас қасық ұн қосамыз.
Қамыр өте сынғыш, сұйық болады. Оны ас қасықпен алып, ұнға малып, пішінін келтіреміз.
Ірімшік құймақтарын қызған майда орташа отта екі жағынан қуырамыз.
Ірімшік құймақтарын қаймақпен ұсынған дұрыс.

Астарыңыз дәмді болсын!

Ас үйде болған: Сания Аринова

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 13 желтоқсан 2013, 12:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.