Дәмі тіл үйірер керемет тоқаштың дайындалу жолын он саусағынан өнер тамған сүйікті қолданушымыз Айнара Байжан сайтымызға жіберді. Назарларыңызға ұсынамыз, сіз де дайындап көріңіз.

Құрамы:
Ұн
Cүт
Маргарин
Ашытқы
Жұмыртқа
Тұз
Қант
Шімішкі май
Картоп
Пияз
Аскөк
Қамыры:
- Маргариннің бірнеше кесегін табаққа салып, үстіне ашытқыны саламыз (ашытқыны ерітпедім);

- Жұмыртқаны жарып, саламыз. Жылы сүт құйып, араластырамыз;

- Қоспаға тұз бен қант салып, әбден араластырамыз. Енді біртіндеп ұн салып илейміз;

- 3 сағатқа жылы жерге қойып, көтерілгенін күтеміз.
Картоп езбесі:
- Бұл уақытта тоқаштың ішіне салатын картобын дайындаймыз;
- Картопты қабығынан ажыратып, қайнатып аламыз;

- Піскеннен соң езіп, сүт пен сары май салып, жұмсартамыз;

- Табада пияз бен аскөкті қуырып, картоп езбесіне қосып араластырамыз;

Тоқаш:

- Енді көтерілген қамырды бірнеше бөліктерге бөліп, оқтаумен жаямыз;


- Әр жаймаға бір ас қасық картоп езбесінен салып, аузын жапсырамыз;


- Қызған майда қуырамыз;



Тоқаш әзір! Ас дәмді болсын!