Итальяндықтардың дәстүрлі тағамдарының бірі – болоньез пастасы. Әдетте бұл паста етпен жасалынады, бірақ вегетариандық болоньез пасталарының мәзірлері көп-ақ. Бүгін назарларыңызға етсіз жасалынатын тойымды әрі жеңіл болоньез пастасының мәзірін ұсынамыз.
| Құрамы:
| |
| Пияз бен сарымсақты мүмкіндігіңізше майдалап тураңыз. | |
| Қызанақтарды жуып, қайнап тұрған сумен бір рет шаямыз. Осылайша оның қабығын оңайлықпен тазалауға болады. | |
| Қабығы ашылған қызанақты майдалап тураңыз. | |
| Қызып тұрған табаға май құйып пияз бен сарымсақты қуырамыз. | |
| Пияз қуырылғанша ірімшікті үккіштен өткізіп, оған 1 жұмыртқа мен қаймақ қосамыз. | |
| Қуырылған пиязға қызанақтарды қосып, жарты стақан су, шымшым тұз және бұрыш қосамыз. | |
| Спагеттиді әдетегінше суға пісіріп, оны сыр мен жұмыртқа қосылған тұздықпен араластырамыз. | |
| Тәрелкеге спагетти салып, үстінен қызанақ тұздығын құйыңыз. Қалауыңызша зәйтүнмен әдемілеуге болады. |
Ас үйде болған: Сания Аринова
С. А