Күз – көкөністер мен жемістердің маусымы. Осы мезгілде табиғаттан өз керегімізді алып үлгерсек деген ниетпен көкөністерден жасалған "рататуй" тағамының мәзірін ұсынып көрмекпіз. Бірге дайындайық!
 | Құрамы: - Сәбіз – 2
- Қияр –2
- Балгар бұрышы – 2
- Пияз – 2
- Кәді – 1
- Күріш – 1 кесе
- Қызанақ – 2
- Туралған ет
- тұз, аскөк, өсімдік майы.
|
 | Көкөністерді жақсылап жуып, тазартамыз. |
 | Көкөністердің барлығын біркелкі ұзын етіп турауды бастаймыз. |
 | Туралған көкөністерді бір-бірімен араластырмай, бөлек ыдыстарға саламыз. |
 | Алдымен пияз бен балгар бұрышын қуырамыз. Жиі араластыра бермеу керек, езіліп кетсе, жақсы көрінбейді. |
 | Қияр мен сәбізді бірге қуыруға болады. Осылайша барлығын жеке қуырып алып, ыдысқа салып қоямыз. |
 | Соңында ұқыптылықпен бірінің үстіне бірін салып, бетіне қызанақты және туралған етті, аскөкті салып, бетін жабамыз да, 15-20 минутқа қоямыз. |
 | Осы арада бір кесе күрішті алып, суға қайнатамыз, гарнирге дайындаймыз. |
 | Піскен күрішті сүзіп алып, кесеге салсақ, мынадай болып шығады. Оның жанына дайын болған көкөніс тұздығын саламыз. |

"Рататуй" тағамы дайын! Астарыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева