Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Зиянды тіскебасарлар

Зиянды тіскебасарлар

Зиянды тіскебасарлар

Жұмыста кеңседе, әсіресе компьютер мен ноутбуктын алдында отыратын қызметкерлер үшін шай мен тәтті тіскебасар нағыз 5 минуттық демалыс болады. Бірақ бұл тіскебасарлардың көбі айырыла алмай жүрген артық салмақтың себебі де болады. Күні бойы не жейтіндігіңізге көңіл аударып, тәттілерді пайдалы дәмділермен алмастырыңыз.

Попкорн орнына бадам

Бір қарағанда попкорн жеңіл, майы, қанты мен тұзы аз, табиғи тағам сынды көрінеді. Бірақ, дайын попкорн сатып аларда абай болыңыз. Пісірілуі майды қажет етпесе де, дәмін келтіру үшін, өндірушілер одан бас тартпайды. Попкорнның құрамын қарап, калориялығы аз, гликемиялық индексі төмен, құрамында В және Е дәрімуендері бар түрін алыңыз. Сонымен қатар тәтті, тұзды, карамель құйылған түрлерін алмаған жөн. Әрине, ең дұрысы попкорнды үйден, өзіңіз дайындау. Попкорн орнына кішкене бадам жаңғағын жеп отыруға болады. Жаңғақтар көптеген пайдалы қасиеттерге ие: ойлау қабілетін жоғарылатып, қарын ашқанды ұзаққа басады.

Тәтті маффин орнына нан кесегі

Маффин, кекс сынды тәтті бәліштер көмірсу, қант пен майларға толы. Мұның бәрі көп ұзамай артық салмаққа айналады. Қарныңыз шынымен ашып, тойымды ас қалап тұрсаңыз, уыт немесе басқа пайдалы дәндерден пісірілген нанның бір кесегін жеуге болады.

Дәнді дақылды тіскебасар орнына банан

Мұндай тіскебасарды спортшылар жеп, күш жинайды. Олардың құрамында тіпті шоколад жоқ деп ойлайсыз ба? Әрине мұның барлығы дұрыс, сонда да мұндай тіскебасар өз дене бітіміне уайымдап жүрген адамға пайдалы болмайды. Олардың құрамындағы калорий саны өте көп, ал қант мөлшері тіпті шамадан жоғары. Ол шоколадтан да зиян болуы мүмкін. Мұндай тәттіні бәріне ұнайтын бананмен алмастыруға болады. Банан өте тойымды жеміс, сонымен қатар оның пайдалы қасиеттері де мол. Ал оның көңіл көтере алатындық қасиеті жұмыс кезінде өте қажет болмақ.

Түрлі кептірілген жемістер емес, алма

Кептірілген өрік, мейіз, қара өрік сынды жемістерді бұрыннан пайдалы деп білеміз. Әрине, дұрыс кептірілген, сапалы жемістер аз мөлшерде жегенде өте пайдалы бола алады. Алайда, қазір өндірушілер жемістерді күкірт диоксидімен өңдеп, олардың сақталу уақытын ұзартады. Бұл аллергия мен тыныс жолдарының қиындықтарына әкеле алады. Сондай-ақ, ондағы қант кептірілген жемістерді күнделікті жеуге болатын тіскебасар рөлінен босатады. Оданша күзде базарда көп сатылатын арзан қарапайым алма жеңіз. Алманың пайдалы қасиеттерімен таныстыру қажет емес болар, алма шөліңізді де қандырып, қарын ашқанды басады.

Печенье орнына сұлы наны

Печенье – жұмыста шаймен жеуге болатын мінсіз тіскебасар. Артық салмағы үшін уайымдайтын арулар дүкендерден «диеталық» деген жазуы бар печеньелер алып жүр. Сізге айтарымыз, қандай печенье болмасын, оның құрамында кем дегенде 30 артық калория бар. Оған қоса құрамында еш пайдалы заттар жоқ. Сол баяғы көмірсулар мен қанттарға ғана тоясыз. Печенье құмарлар өз назарын сұлы нанына аударған жөн. Сұлы дәнді дақылдардың арасында ең пайдалысы, артық салмақпен күресетіндерге көмекші бола алады. 

Ал сіз жұмыста не жейсіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: ubr.ua

4541 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 30 қыркүйек 2013, 11:32
Пікірлер
+0
30 қыркүйек 2013, 12:38

Расымен де, дәмділігіне қызығып жейміз де, денсаулығымызға зиын екенін ұмытып кетеміз.

+0
30 қыркүйек 2013, 16:13

Маффин жемей, нан жеп отырсақ иә :D

+0
30 қыркүйек 2013, 21:25

Көбіне тәтті жейміз ғой (((

+0
07 қазан 2013, 02:45

ммм оте жаксы екен :) :) :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...